Жаңбыр жауып, кун суытады: Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы белгілі болды
"Қазгидромет" РМК 6-8 қыркүйек аралығындағы ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктер болжамынша, алдағы үш күнде еліміздің көп бөлігінде жаңбыр жауып, кун суытады.
"Атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады, 6 қыркүйекте Маңғыстау облысында, 7 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел күшейіп, бұршақ болжанады", – делінген хабарламада.
Сондай-ақ елдің солтүстік жартысында ауа температурасы түнде 5-13 градусқа дейін, күндіз 15-23 градусқа дейін, ал оңтүстік жартысында түнде 10-23 градусқа дейін, күндіз 20-35 градусқа дейін төмендейді.
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады