Жаңбыр соңы қарға ұласады: Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады
“Қазгидромет” мамандары Қазақстан бойынша 2022 жылғы 27-29 қыркүйектегі ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, елде алдағы күндері күзгі салқындық болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қыркүйектің соңғы аптасында нағыз күзгі салқын болмақ. Алдағы тәуліктерде солтүстік-батыс циклонның соңынан суық антициклон соғады. Республиканың солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде жаңбырдың соңы қарға ұласып, көктайғақ, тұман және ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Еліміздің оңтүстік-батысында және оңтүстігінде жел күшейіп, шаңды дауыл болмақ.
Еліміздің солтүстік өңірлерінде термометрлердің түнгі көрсеткіштері 1-6 градусқа дейін төмендейді. Ал күндіз ауа температурасы 1-6 градусқа дейін аздап жоғарылайды. Республиканың оңтүстік және батыс өңірлерінде күндіз ауа температурасы15-23 градусқа дейін жылынады.
"Өзімізді дәлелдедік": Олимпиадада жүлделі орын алған таэквондошылар Қазақстанға оралды
Спортшыларымыз жай келмей, жүлделі орындармен оралды
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"