Қар жауады: Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады
“Қазгидромет” мамандары Қазақстан бойынша 2022 жылғы 14-16 қыркүйектегі ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, елде күзгі салқын ауа райы әлі де сақталады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанның солтүстік жартысына әлі де Солтүстік-батыс суық антициклоны әсер етеді. Салдарынан республиканың батысында, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен жаңбыр сақталады.
Еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысының таулы аудандарында түнде жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін. 15 қыркүйекте қараған түні шығыста қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Республика бойынша жел күшейеді.
15-16 қыркүйекте республиканың оңтүстік-шығысының таулы аудандарында, солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, шығыста 5 градусқа дейін үсік күтіледі.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды