Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жанат Жаубасовтың өлеңдері

Жанат Жаубасов - қазақ әдебиетіне үлес қосып жүрген ақын. Сонымен қатар ол - "Құрмет" орденінің иегері, ҚР Гуманитарлық академиясының академигі, Алматы облысындағы Талғар ауданының "Құрметті азаматы". Сонымен қатар ол қазақ күресінен спорт шебері атанған. Ақынның "Жүрек сыры", "Мен - Тәуелсіз қазақпын", "Ұлы дала ұрпақтары", "Ұландарым Қырандарым" тәрізді кітаптары жарық көрген. Stan.kz Жанат Жаубасовтың өлеңдерін жариялайды. 

Жанат Жаубасовтың өлеңдері

Арман төрін Алаштың анықтадың

Әлихан, Ахмет, Мыржақып – үш арысым,
Үш көсемім, қазақтың ұранысың.
Екіталай айқаста жан аямай,
Көрсеттіңдер заманның тың ағысын.

Арман төрін Алаштың анықтадың,
Ойладыңдар тек қана халық қамын.
Қазақ болып туғаным қандай жақсы,
Аттарыңа жыр арнап шарықтадым.

Отаншылдық рухым артты бүгін,
Бодандықтың лақтырдық ауыр жүгін.
Арман еткен даналар Тәуелсіздік,
Көрдік бүгін дербестік азат күнін.

Ширек ғасыр болыпты ту тіккелі,
Қалды артта қиындықтың бар өткелі.
Беу, ағайын, ақталды халқымыздың,
Бірігіп жан аямай тер төккені.

Азатпын

(Тәуелсіздіктің 25 жылдығына)

Ата-баба аруағын сыйлар құлымын,
Айбыным зор, Мағжанға тартқан ұлымын.
Ата-анаммен бөлісіп өстім таң нұрын,
Арнадым саған, туған ел, бүгін жан сырын.

Кеше ғана көз жасын жасырып төккенде,
Жүргендей болдым үнемі қырсық өткелде.
Тәуелсіздік келген соң, дертті тазарттым.
Мен нарықтың сардары, Еріктімін азатпын.

Елге төнген түнектің ашсақ түндігін,
Планетада, білмейді бізді кім бүгін.
Сәулет пен дәулет жолын бастаған,
Санатқа тұрды ел мерейі – Астанам.

Толғанып айтар жетістігім менің сай,
Жиырма бес жылда, қарқынды дарқан елім бай.
Отаныма орнасын мәңгі азат күн,
Тәуелсіз елмін,
Мен тәуелсіз қазақпын!

Наурызда

Ауылыма көшет тұрғыздым,
Ық болсын деп боранда.
Қасында тұрса жұлдызың
Айда уайым болар ма?

Жаныма келіп немерем,
Бір ағаш екті тағы да.
Қарсы алар ертең жыл құсын,
Айналып алма бағына.

Аңсап күткен жыл құсын,
Қуанышым жетілді.
Наурызбен менің немерем,
Бірге туған секілді.

Алпысқа

Өтесің, алдамшы өмір, оны білем...
Тосқанмын келетінін күздің күрең.
Көңіл шіркін, орнында баяғыдай,
Ақ кірсе де самайға, мығым жүрем.

Ауырлық бар, денем де жылдам емес,
Ақылшылар көбейді айтар кеңес.
Табиғат өзінікін алады екен,
Жүгіріп шыға алмайсың, тұрса дөңес.

Патша көңіл, сен неге алаңдайсың,
Жүрегім қуан әр кез, қайғы азайсын.
Жайдары көктем, жазым өтсе-дағы,
Алаңдап, биіктерге қарайлайсың.

Төрт мезгіл болады екен бұл өмірің,
Сонда да өзгермейді жас көңілің.
Еңбек етіп жүресің дүние жиып,
Төрт құбылаң толса да бар өңірің.

Алпысты тал түсім деп аялайсың,
Жан-жаққа бұрынғыдай қарамайсың.
Тілеймін амандығын қосағымның
Мәпелеп ерткелеткен баладайысң

Аптығып немерелер шығады алдан,
Жетейік биіктерге ойға алған.
Қос ақққудай 40 жыл бір келеміз,
Асқар шыңға бастасын алдағы арман.

Жер ана!

272 миллион шаршы шақырым жеріміз бар,
Тоғызыншы орында төріміз бар.
Тау, теңіз аялаған кербез дала,
Бабалар ізі қалған өріміз бар.
Қазақтың батыр туған
Ұрпағы бар.
Жерден қымбат,
Жерден құнды,
Игілік болмас бауырым,
Ойланайық!
Жер үшін арпалыстың
Болғаны анық.
Тарихқа көз салсаңыз,
Жер-Анаға жазылды қанша дастан.
Бір өзің ғой бүгінде бағымды ашқан.
Бау-бақша, жеміс-жидек салдым қанша,
Үйреніп ұстаздардан бала жастан.
Зымиян жоспарларын орындады,
Тың жер деп, жыртылды ғой қорым маңы.
Зираты, ата-баба кетті қанша,
Кремльдің іске асып қатал заңы.
Жазушылар қаламмен қарсы тұрып,
Орталықтың жоспарлы ойын бұзды.
Еркіндік алғаннан соң Президент,
Тәртіппен шекараның бойын сызды.
Жер-Ана кешір бізді;
Көрдің ғой талай содыр зұлымдықты,
Қопарып «атом» менен
Қойнауыңа «у» да тықты.
Алыптар арпалысып келе жатыр,
Тәңірден біз сұрайық татулықты.
Жеріне Абай атам полигон сап,
Асыл-ана көтерді «мақұлықты».
Нұр ағам дербестіктің туын ұстап,
Атомды өз қолымен жойып құртты.
Қолдау тауып Елбасының ұсынысы,
29 тамыз – ядролық сынаққа
Қарсы күн боп аты шықты.
Кемеңгер бұл ісіне риза халық,
Қазағым татулықпен бәрін ұтты.
Кремль, Америка басқалары,
Қазақтың ұлылығын жаңа ұқты.
Сондықтан, сайландық біз төр басына
Беу, қазағым, өркенде өзің мықты!

Намысты, өнерлі едің, тұнып тұрған!

(Сәкен Сері Жүнісовтың тұрған үйіне белгі тақта қойғанда келген ой)

Сол бір күзгі, есімде танысқаным,
Сағынышқа айналып, алыстадың.
Көз алдымда кешегі кесек тұлғаң
Еске салар елімнің Арыстарын.

Намысты, өнерлі едің тұнып тұрған,
Адамды, тартушы еді, Әсем тұлғаң.
Өмірің, жүріп өткен, үлгі ұрпаққа,
Кезінде, Ғабең ағаң көңілін бұрған.

Сәкен Сері, атады еркелетіп,
Еңбек еттің, халқыңа өрге жетіп.
«Жапандағы жалғыз үй»– шығармаңды,
Додаға түсірді ғой ұлтшыл етіп.

Түссе де, жасымадың дауға басың,
Ұштадың қаламыңды, ағаңдай Қасым.
Аспиранты атанып Әуезовтің,
Ғылымға да бет бұрдың, өрлеп тасың.

Сұлу Көкше, Сарыарқа туған жерің,
Ақын, батыр, ғұлама шыққан тегің.
Құлагер басқан киелі топырақты,
Жазып кеттің, зерттедің, тауып емін.

Біржан Сал, Үкілі Ыбырай, Ақан Сері,
Халқына танытқан сен – мұрагері.
Астанада Отауыңа белгі қойды
Тұрғансың осы үйде Сәкен Сері.

Атамекен – Тәңіртау

Тәңіртау – Мұқағали мекеніне,
Баурайлы Қарасаздың етегіне,
Жетер ем жер түбінен бір көруге,
Ілесіп, сағыныштың жетегіне.

Қиялмен қырандай боп кетер ме ұшып?
Қарадым тұлғасына ойлай түсіп,
Ақынның дәл өзіндей самғай шырқап,
Тұр екен «Елшенбүйрек» көкті құшып.

Айғас тас, Құмбел анау еңселенген,
Өсері рас екен еңсең елмен.
Мұқаңды тау шыңындай өсіріпті-ау,
Көрмесем, өз көзіммен мен сенер ме ем?!

Қалдырған жүрегінің елде кенін,
Мен көрдім, сездім солай ер мекенін.
Ұясы батырлар мен ақындардың,
Жетісу дейтін жәннат жерде екенін.

Жасымнан Жетісуда еңбек еттім,
Үйреніп ұстаздардан, ізет еттім,
Мұқағали тойында «Сарыжазда»,
Мәреге ақындармен мен де жеттім.

Ағадан Әбділдадай бата алғам,
Жеңдірді айтыстарда арайлы арман.
Халқымның сөз өнерін аялаған,
Бой бермес сайыстарда мен бір тарлан.

Байқасам тоқтамайтын өмір дауын,
Тілеймін байтақ елдің мен де «сауын».
Сүйемін дәл өзіңдей жырымды арнап,
Мұқағали ағамның Тәңіртауын.

Сағыныш!

(100 жасаған Бәтима әжемнің рухына!)

Асау тайдай жүруші ем мен жасымда,
Аңғалым-ай, деуші еді анашым да.
Тал шыбықты ат қылып мініп алып,
Жарысушы ек, ауылда дос қасымда.

Қайран әжем, алаңдап іздеп келіп,
Құшақтайтын аялап «құртын» беріп.
Қолда қабы ақырын айтушы еді,
Жүр, Жәкешім келейік тезек теріп.

Белін жазып қараушы еді маған күліп,
Камзолына, жатушы ем басым тығып.
Мейіріммен, маңдайдан сипаушы еді,
Айтқан сөзді, «балапан» ал деп ұғып.

Шыққан тегің Арқада, «Қуандық» ботам,
Батыр болған, өжетті сенің атаң.
Өз әкең Бақыртанда жау жүректі,
Кеудесіне, «Қызыл жұлдыз», таққан Отан.

Аңғал болма, өмірде жігерлі бол,
Оқу-білім, тазалық, керегің сол.
Тер төгіп, еңбек етсең адал болып,
Болады, бұл өмірде ырзығың мол.

Жылдар өтті, атамын мен де бүгін,
Өмірдің арқаладым ауыр жүгін.
Сол жылдары, «Әжемнің» айтқан сөзін
Ұрпағыма жеткіздім мен де бүгін.

Анаға!

(Бибіғайша 60 жасына)

Әлі есімде, балауса қыз алаулаған шақтарың,
Қол ұстасып, қарсы алушы ек
Сарыарқаның ақ таңын.
Қиялменен армандаушы-ек, көрсек деп,
Алматының сырға толы, алма толы бақтарын.

Ақ жол тілеп, аттандырған Жетісуға анашым,
Айтып еді, «Бақытыңды еңбегіңнен табасың!
Үлкендерге ізет қылып, адал өсіп ер жетсең,
Тағдыр саған, өзі берер, әділдіктің бағасын!»

Жастық шақта, бәрі қызық. Қиындықты білмедік,
Татулықты, сыйластық пен махаббаттан іздедік.
«Жер жапада» тұрсақ-тағы, бақытты боп өмірде,
Зәулім үйін, көршіміздің көзімізге ілмедік.

Құндыз бөрік, қымбат тонды үстімізге кимедік,
Ала жіпті аттамадық, жамандыққа жүрмедік.
Ұйқы шала, түндерді де алып тастап көңілден,
Демеу болып, бауырларға, үзілгенін күрмедік.

Алпысқа да келдік бірге, қол ұстасып өзіңмен,
Армандаған мақсатымыз, орындалды төзіммен.
Алма бақ пен кең сарайда, немерелер бақытты,
Келіндерің үлгі алады, айтқан асыл сөзіңнен.

Қиындықта бірге болдың, желдің ызғар өтінде,
Ұл да сүйдік, қыз ұзаттық, немерелер өсуде.
Ана-жүрек мейіріммен, қарадың сен туысқа,
Тілейтінім, шуақ берші 100-ге дейін осы үйге.

Жүректен шыққан сөзді, бүгін осы тойда түйейін,
Жас ұрпаққа, жолымызды болашаққа тілейін.
Алпысыңды беу, Бибіғайша, құшақтап,
Тәңірімнен 100 жас сұрап, маңдайыңнан сүйейін!

Қос аққудай бірге жүзіп келесің!

(Қадырұлы Әділге 70 жас және 50 жылдық Алтын тойына арнау!)

Қарағанды, Тамыз айы, Сарыарқаның бауыры,
Айтбайдың қара суы 10-шы Әділдің туған ауылы.
Бақытты жан немересін еркелетіп көтерген.
Бүгін міне 70-імен құттықтайды
құда-жекжат, бауыры.

Ұрпағы ол, асыл туған «Керней баб» алыптың,
Ақылшысы, батыры да болған кеше халықтың.
Аяулы Қадыр әкең, Құлтайшадай анаңның,
Баталары әкелді ғой, әулетіне жарық күн.

Бақытты, дербес елмен таңың атты,
Директор, әкім болдың, тәрбиелеп жас ұрпақты.
Ағадыр, Шет, Ақтоғай еңбек жолың үлгі ұрпаққа,
Көтердің сен, тәңірім берген бойға бақты.

Намысты азаматсың ел сыйлаған,
Өмірде табысың көп, мол жинаған.
Адал еңбек, тазалықты ту қылып,
Жастарға сен үлгі болдың, туыстарға сыйлы адам.

Ақылшың жас күніңнен, әрі қорған,
Шекердей жан жарыңмен төрің толған.
Еркелеткен немере, ұл-қыз ардақтысы,
Инабатты ісімен, келіндерге үлгі болған.

Жетпіс жасың, Жамбыл ата жасына нық басқаның!
Қосағыңмен ашық болсын аспаның.
Немерелер, шөберелер екеуіңе еркелеп,
Ата-апасын көрсін олар, жүз жастан да асқанын.

Қос аққудай бірге жүзіп келесің,
Тоқтатпасын тәңірім берген кемесін.
Әділ, Шекер Алтын тойда айтарым,
Асылдарсың, балаларға төресің!

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Ауып кеткен үйдің тұрғындары пәтерлерін тастап жатыр

Қала әкімдігі эвакуация жасауға еш себеп жоқ дейді

Димаш Құдайберген "Ақтөбе облысының құрметті азаматы" атанды

Құрметті азаматтар қатарына облыстан 10 адам ұсынылды

"Күзетші орнына кәдімгі офицер отыру керек": Депутаттар мектеп оқушыларының қаупісіздігіне алаңдаулы

Шенеуніктер мектептердің көбінде қарапайым бейнебақылау камералар орнатылмағанын айтты

TIME журналы "Жыл адамы - 2019" жариялады

Мұндай атаққа ең жас тұлға ие болды

Әлемдік зерттеуде қазақстандықтардың білім деңгейі тексерілді

Қазақстандықтар Испания, Италия тұрғындарымен бір деңгейде

Білім және ғылым министрлігі орта білімді дамыту үшін 18 триллион теңге сұрап отыр

"Мәселенің көпшілігі бюджет мүмкіндігіне қарай шешіледі"

Ермек Тұрсынов қазақтың не себепті жылқыны әйелден артық көретінін түсіндірді

Желі қолданушыларының бірі режиссердің сөзін қолдаса, бірі түсінбестік танытты

Өзі қылмыскермен бірге тұрды: Полиция Максим Гарифуллиннің анасының пікіріне түсініктеме берді

Баланың анасы әпкесін өлтірген қылмыскермен бірге тұрған

"Құдықтың қабырғасынан ұлымның қолының ізін көрдім": Құдықтан өлі табылған баланың анасы алғаш рет сұхбат берді

Адвокаты сараптаманың сапасыз жүргізілгенін айтады

ҚР банктерін сақтау үшін миллиард доллар жұмсалмақ: Ұлттық банк түсініктеме берді

Банк активтерінің сапасын бағалау желтоқсанның соңына жоспарланған
Çàãðóçêà...