Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жанар Айжанова: Үндемей жатқаным - қызым аяғынан тұрып өзіне келсін деп едім

Жанар Айжанова әже атанды. Жақында әншінің немересі өмірге келді. Әнші бақыттан басы айналып жүргенін айтып, көпшілікке қуанышын жеткізді. 

"Ораза айының соңғы жұмасында таңғы тоғызда Айжұлдызым аман-есен босанып, қолыма Назарымды ұстап, бақыттан басым айнылды. Содан бері үндемей жатқаным, қызым аяғынан тұрып өзіне келсін деп едім. Мен инстаға көп шықпай қалсам, реніжеміңзер. Немеремнің исіне басым айналып, дүниенің бәрін ұмытып жатырмын. Күнде шомылдырам. Аяқ-қолын керіп жаттығу жасаймын. Бесігіне бөлеймін. Қалай таң атып, қалай батқанын да сезбей қалам. Арасында Айжұлдыздың қалжасын беріп сорпалатамын. 

Ұсталарға тапсырып, үйден кәрі жілікті апарып беріп, немереме шүмек жасатып алдым. Жөргегі шешкен сайын көтенін иіскеп рахаттанамын. Әлдиімді айтып әндетсем жылағанын қойып тыңдайды. Осы күнді қалай күттім десеңші. Осы балаға ешнәрсе болмай аман-сау туса екен деп қасынан 9 ай қалмай еріп жүрдім. Әжемнен көрген әжелердің мектебін біртіндеп есіме түсіріп жатырмын. Қазақ ертегілерін сатып алып қойдым. Кішкене қатайса оқып беремін ғой. Ал ақ жаулықты әжелер, мені де қатарларыңызға қосыңыздар. Қош келдің, ботақаным. Жүрегім, тәттім - Назар немерем", - деп жазды Жанар Айжанова парақшасында

Жақында ғана ана атанған Айжұлдыз Адайбекова жолдасымен ажырасып кеткенін айтты. Ол келіннің құл емес, адам екенін айтып, енелерге ескерту айтты. Бұл ретті желі қолданушылары енелерді кінәласа, енді бірі еркелікке салынған Айжұлдыздың өзін кінәлі қылды. Одан бөлек Жанар Айжанованың қызына лайық әрекет емес деп айыптады. 

"Ағамның ата болуы, Жәкемнің әже болуы құтты болсын!!! Батырдың бауы берік болсын!!! АйЖұлдыздың бағы болсын!!!", - деп жазды Тамар Асар.

"Апау, құтты болсын", - деп жазды Жахан Отарғалиев.

"Құттықтаймын, Жанар апай! Бауы берік болсын", - деп жазды Ержан Максим. 

"Маа Шаа Алла. Әже болуыңызбен құттықтаймын. Алла Назарға, Назардың Анасына, Атасына, Әжесіне мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр берсін", - деп жазды Алтынай Жорабаева.

Еске салсақ, өткен жылы Айжұлдыз Адайбековаға қазақстандық танымал видеограф Қыран Талапбек үйленуге сөз салған еді. Жаз айының соңында Жанар Айжанова жалғыз қызын ұзатқаны туралы жазған едік. 


"Енеммен танысарда қатты қорықтым": Жанар Айжанованың күйеу баласы алғаш рет сұхбат берді

 

Талқылау