Жаңаөзендік жұмысшылар еліміздегі ірі мұнай компаниясының мемлекет меншігіне өтуін талап етті
Желіде Жаңаөзендегі "Бұрғылау" ЖШС бұрғылау компаниясының 100-ге жуық қызметкері Қасым-Жомарт Тоқаевқа арнап жазған видеоүндеуі пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Lada.kz порталының жазуынша, олар өз үндеуінде 2005-2006 жылдардағы ірі сервистік компаниялар жекенің қолына өтуіне жол ашқан бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұйрығына қарсы шыққан.
- "Қолдарын сындырып, азаптап өлтірген": Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде көз жұмған археологтың інісі сұхбат берді
- Ақтөбедегі бүлікшілердің әкімдікті басып алған бейне кадрлары жарияланды
"Меншік иелері жұмысшылардың құқықтарын шектей бастады: жалақыны уақытында бермеу, сыйақыны қысқарту секілді. Біз компанияның мемлекеттің меншігіне өтуін қалаймыз. Адамдар бұл мәселелерді көтеріп, 2009 бен 2016 жылдары митингіге шыққан. Бірақ содан кейін оларды қудалау басталды. Кәсіподақ мүшелерінің "ауыздарын ашқызбайды". Біз бұдан шаршадық, сондықтан Қасым-Жомарт Тоқаевтың көмегін сұрауға мәжбүрміз", – дейді видеодағы мұнайшылар.
Айта кетейік, "Бұрғылау" ЖШС – Қазақстандағы ірі бұрғылау кәсіпорындарының бірі.
Талқылау

"Курьер болып күніне 100 мың теңгедей ақша табуға болады": Үш жыл Америкада тұрып жатқан қазақстандықтар елге неге қайтқысы келмейтінін айтты
Ерлі-зайыптының екінші ұлдары АҚШ-та дүниеге келген

Әлеуметтік желіде танымал қала әкімі кім: Шымқала басшысы 109 мың, Петропавл әкімі 2 мыңнан аса адамға есеп береді
Оқырмандардың сұрақтарына Алматы қаласы əкімдігінің қоғамдық қабылдау бөлмесі жауап береді