Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбедегі бүлікшілердің әкімдікті басып алған бейне кадрлары жарияланды

Ақтөбе облысының полиция департаменті аймақтағы наразылық кезіндегі бүлікшілер тобының тәртіпсіздікке толы 3 миуттық видеосын жариялады. Бейбіт шеруге шыққан жұртшылықты пайдаланған радикалды топ жолында кездескендердің бәрін жайпап өткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ақтөбедегі митинг те дәл Алматыдағы көріністі қайталады. Алдымен Ақтау мен Жаңаөзенді қолдаймыз деп бейбіт шеруге шыққан жұртты кейін радикалды топ пайдаланып, бассыздықтарға барған.

Наразылық білдірушілер халықаралық маңызы бар жолдарды, теміржол, әуежайларды жауып тастап, бейбіт тұрғындарды тұтқында ұстаған. Қарсы шыққан полицей қызметкерін еш аяусыз көлікпен таптап өткен бейнелер де жарияланды. 

Тәртіпті қалпына келтіру үшін 7 қаңтарға қараған түні арнайы құқық қорғау органдары мен әскери қызметкерлер алаңды тазарту және Ақтөбе облысы әкімдігінің ғимаратын қылмыскерлерден босату бойынша операция жүргізді.

Полиция белсенді қарсылық көрсетіп террористік актінің бір қатысушысын жойды.

Қалада 1 500 - ге жуық адам ұсталып олардың 15-і қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде, 417-і әкімшілік қамауға алынды. Қалған азаматтардың тәртіпсіздіктерге қатысы тексерілуде. 

Талқылау