Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңаөзендегі жағдай: Тоқаев үкіметке шұғыл тапсырма берді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңаөзендегі халық наразылығына байланысты үкіметке тапсырма берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Токаев коллажжж

"Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды экономикалық тұрғыдан тексеріп, құқықтық жағынан тез арада қарастыруды тапсырдым. Шеруге шыққандар қоғамдық тәртіпті бұзбауы тиіс", –  деп жазды президент Twitter парақшасында.

Азаматтардың жергілікті және орталық билік органдарына өз талаптарын ашық айтуға құқығы бар, бірақ бұл заңға, атап айтқанда, бейбіт жиналыстар туралы заңға сәйкес жасалуы керек, деп атап өтті кейінірек президент.

Еске салайық, кеше 2 қаңтар күні Жаңаөзен қаласының тұрғындары бейнехабарлама түсіріп, облыстағы газдың бағасы 120 теңгеге қымбаттап кеткенін айтқан. Олар ең төменгі бағаны жалақы мөлшеріне сәйкес 60 теңгеге дейін төмендетуді талап етуде.


Талқылау