Жаңаөзенде белгісіз біреулер қоқыс контейнеріне киіктің өлексесін лақтырып кеткен
Жаңаөзенде белгісіз біреулер қоқыс контейнеріне киіктің өлексесін лақтырып кеткен. Мамандар жануардың Қызыл кітапта бар-жоғын анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі lada.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Оның видеосын ер адам түсіріп, желіге салған. Мұнда ол өлексенің Жаңаөзендегі қоқыс контейнерінен тапқанын айтқан.
"Мынаны қараңыз, киікті атқан да қоқыс жәшігіне тастап кеткен”, – делінген видеода.
Жергілікті биолог, Батыс Қазақстан облыстық "Табиғи орта" қауымдастығының басқарма төрағасы Әділбек Қозыбақов мамандармен кеңескеннен кейін видеодағы жануардың ешкі екені анықталғанын айтты.
“Басында үстірттің уриалының ұрғашысы деп ойладым. Дегенмен мамандар оның ешкі екеніне сенімді. Қалай болғанда да, ешкіні контейнерге тастау дұрыс емес", – деді Әділбек Қозыбақов.
Алматы әкімдігі автобус парктеріне 15 миллиард теңгеден астам қарыз: Автобустар қысқара ма
Жолаушылар тасымалы субсидияның кешіктірілуіне байланысты мәселе көтерген
Қазақстандық компаниялардың акциясы соңғы 5 жылда қалай өзгерді
Қазақстандық компаниялар аймақтағы ірі бизнес рейтингінде де алдыңғы қатарда