Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңаөзен Қазақстандағы өмір сүру деңгейі ең төмен қала деп бағаланды

Экономикалық зерттеулер институты (ERI) өмір сүру сапасы бойынша Қазақстан қалаларының рейтингін жариялады. Бұл тізімде Жаңаөзен қаласы соңғы орынға жайғасқан екен. Барлық санаттар бойынша қаланың жағдайы мәз емес екені анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

жаңаөзен

Рейтинг 13 санаттан алты топқа бөлінген 54 көрсеткіш негізінде жасалды. Қалалар экономика, бизнес орта, мәдениет, спорт, ойын-сауық үшін қолайлылық, инфрақұрылым бойынша бағаланған.

Жаңаөзен өмір сапасы бойынша ең нашар қала болып танылды (4,10 ұпай). Қалада көлік инфрақұрылымы, экономика және шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша қиындықтар бар.

Атап өтерлігі, өмір сүру деңгейі жоғары қала ретінде 6,67 ұпай жинаған Нұр-Сұлтан қаласы деп аталды. 

Қала үш фактор бойынша алға шыққан: "Экономика және бизнес "(1-орын, 7,43 ұпай), “Адам ресурстары" (2-орын, 6,6 ұпай) және “Инфрақұрылым" (4-орын, 6,04 ұпай).



Екінші орынға 5,67 ұпаймен Алматы жайғасқан. Мегополис "Адам ресурстары" факторы бойынша 6,81 ұпаймен 1-орынға шыққан. 

Ал Атырау қаласы тізімде үштікке енген. Қала 5,49 ұпаймен "бизнес-ортаның" жақсы дамуы есебінен 8,8 ұпай жинаған.

Айта кетейік, тізімге барлығы 25 қала кірген. Тізімге сондай-ақ, моноқалалар Балхаш, Риддер, Жезқазған, Сатпаев, Екібастұз кірді. Жаңаөзкен қаласы аталған қалалардың соңында қалды.

Талқылау