AAPL
148.79 $
-0.16 %
TSLA
756.99 $
0.15 %
NDAQ
195.43 $
-0.21 %
GOOGL
2872.2 $
-0.57 %
FB
373.06 $
-0.23 %
FRHC
60.86 $
-0.31 %
AAPL
148.79 $
-0.16 %
TSLA
756.99 $
0.15 %
NDAQ
195.43 $
-0.21 %
GOOGL
2872.2 $
-0.57 %
FB
373.06 $
-0.23 %
FRHC
60.86 $
-0.31 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның қай аймағындағы қалалар "өліп" бара жатыр? Артта қалған өңірлердің тізімі анықталды

Әлемдік рейтингтерде Қазақстандағы қалалар арасында Алматы мен Нұр-Сұлтанның анда-санда ілініп жүргені болмаса, өзге қалалар мен елді мекендер жайлы сөз жиі қозғала бермейді. Еліміздегі депрессивті қалалар мен өңірлер қандай?  Stan.kz тілшісі мамандардан сұрады.

Арқалық. Фото: Stan.kz

Қазақстандағы “өлі қалалар” қандай?

Арман Байғановтың айтуынша, депрессивті қалалар негізінен Солтүстік, Орталық Қазақстанда орналасқан. Оның себебін сарапшы жұмыс орындарын ұсынатын өндірістің болмауымен байланыстырады.

“Қазақстанда өндіріс саласы алға қойылмаған. Жұмыс өнімділігі ТМД елдері, әлем елдері арасында өте төмен. Мәселен, Израильде бір фермер 50-100 шақты адамды қамтамасыз ете алады. Ал бізде ауыл шаруашылығымен айналысатын адам басқаларды емес, өз отбасын бағып-қағуға табысы жетпей жатады. 

Орташа жалақсы мөлшері аз қалалардың бірі – Тараз. Мұнда тұрғындардың негізгі бөлігі ауыл-аймақтарда тұрады. Тараздың өзінде 300-400 мың адам тұрса, қалған облыстарда миллионнан аса адам қоныстанған. Жаңатас, Шу, Қаратас ауылдары қазба байлықтарын өндіру арқылы тұрақтылықты сақтап отыр. Жамбыл облысында артта қалып отырған қалалардың ішінде Қаратау қаласын атауға болады”, – дейді ол. 

Маманның айтуынша, дамуы бойынша артта қалған қалалардың бірі Қостанай облысындағы Арқалық қаласы. 

“Мәселен, Қостанай облысы Арқалық қаласында 90-жылдары 100 мың тұрғын болған. Қазіргі жағдайын алып қарасақ, соғыстан кейінгі күйге түскендей, 30-40 мың тұрғыны ғана қалған. Қаланы тек егін мен мал шаруашылығының арқасында өзін-өзі қамтамасыз етіп отыр. Сондықтан ауыл-аймаққа ешкім келгісі келмейді, қалаға кетеді”, – дейді Арман Байғанов.


"Бір сағат ішінде дайындалып, ұшып кеттік": Қазақстандық ұшқыштар Ауғанстаннан адамдарды қалай эвакуациялағанын айтып берді 


Қарағанды облысындағы кіші қалалар: Қостанай облысындағы Абай, Шахтинск, Жезқазған, Арқалық, Павлодар оболысында Иртышск-ті депрессивті қалалар тізіміне жатқызуға болады, дейді маман.

“Бұлар тастанды, “өлуге таяу” қалалар. Себебі олардың негізгі бағыты көмір өндіру болатын. Ал көмір экологияға зиян болғандықтан оны алдағы уақытта электр энегриясымен алмастырады. Көмір зауыттарының болашағы жоқ болғандықтан, осы елді мекендердің де келешегіне алаңдаушылық бар”, – дейді ол. 

Айтуынша, ауыл аймақта халықтың 40 пайызы тұрса, экономикаға Жалпы ішкі өнім 4-5 пайызды ғана құрайды. Ал кәсіппен айналысатын қала тұрғынын экономикаға пайдасы 10 есе жоғары. Сондықтан табыс та ауылда аз болады. 

“Перспективті емес қала ретінде Жезқазған қаласын атауымыздың себебі қазір оны “Қазақмыс” корпорациясы ғана қамтамасыз етіп тұр, себебі пайдалы қазба ресурстары азайып жатыр. Сол сияқты, Қостанай облысындағы Қайынды елді мекенінде 3 мың тұрғыны болған, ал соңғы жылдары тек 200 адам қалған. 30 жылда онда тек зейнеткерлер қалған, жергілікті мектептерінде 30-40 оқушы ғана оқиды. Мемлекетке мұндай аз ғана оқушыға мектепті қамтамасыз ету тиімді емес. Мұндай ауыл-аймақтар болашақта жойылып та кетуі мүмкін. Тек фермерлер, ауыл шаруашылығымен айналысатын адамдар қалған, негізгі халықтың бөлігі қалаға қарай ойысады”, – дейді экономист.

Экономист Мақсат Халық әрбір өңірде сол аймақтың дамуына әсер ететін қалалар болуы керек және бұл өзекті мәселе екенін айтады. Маман депрессивті қалалар тізіміне Павлодар, Өскемен қалаларын да қосуға болады, дейді.

“Экономиканың дамуына үлес қосатын перспективті, депрессивті аймақтар бар.  Егер қала дамымайтын болса, сол өңірде халықтың тұрақтауы екіталай болады, халық көшіп, тіпті көрші елге кетіп жатады. Бұл өңірдің экономикалық жағдайының нашарлауына әсер етеді.

Арқалық, Жаңатас сияқты қалалардан бөлек, ірі қалалар Павлодар, Өскеменде әлеуметтік жағдай белгілі бір деңгейде нашар. Перспективті қалалар ретінде Батыс өңіріндегі Ақтөбе, Атырау, Ақтау сияқты қалаларды өмір сүру деңгейінің жоғарылығына қарап айтамыз”, – дейді ол. 


Қазақстанда баспана бірге берілетін жұмыс табуға болады: Қандай мамандықтар сұранысқа ие? 


Қаланың не ауылдың дамуы тікелей басшыға байланысты

Экономист Бейсенбек Зиябеков қаланың, өңірдің преспективті не депрессивті болуы тікелей қалаға байланысты емес, дейді.

“Депрессивті қала, ауыл болмайды, үкімет болады. Депрессивті деген – шартты нәрсе. Біріншіден, бұл тіклей басшыға байланысты. Қай қаланы алсақ та, бүгін көште қалған қала ертең дамып кетуі мүмкін. 

Қаланы, ауылды ретке келтіру үшін білікті маман қажет. КСРО кезінде “депрессивті ауылдардың” тізімі болатын. Бірақ оны жою үшін емес, көмектесу үшін әрекет жасалатын. Ақмола облысында Родина атты шаруашылық бар. Оның маңында Родинаға ұқсас жүз шақты ауыл болса, олардың бірі де дамымаған. Ал Родина басшысының арқасында жағдайы жақсарып келеді. Бәрі адамның ойына, қабілетіне, талантына байланысты”, – дейді ол.

Кішкентай қаланың аймағындағы ауыл дамымаса, қала дамымайды, дейді маман.

“Әрбір қаланың болашағы бар. Болашасыз жүйе болмайды. Тек соны көшке жетелейтін басшы жетіспейді”, – дейді Бейсенбек Зиябеков. 

Перспективті емес қалаларды дамыту мақсатында қандай шаралар ұйымдастырылуы қажет?

Қазақстан Сингапурдың үлгісі бойынша даму бағытын ұстанады деп айтып жатамыз. Алайда Сингапур қала-мемлекет. Ал Қазақстанда өңірлер, аймақтар көп, дейді Мақсат Халық.

“Сондықтан бізге сараланған, өңірлерді дамытуға бағытталған дұрыс бағдарлама қажет. Мемлекет тарапынан өңірлерге көп көңіл бөлу керек. Осы өңірлердегі табыстың төменділігінен, нашарлығынан халық арасында қақтығыс мәселелері де орын алады. Мәселен, Жамбыл облысында дүнгендерге қатысты орын алған жағдайдың өзінде әлеуметтік теңсіздік мәселесі жатыр”, – дейді ол. 

Айтуынша, аймақтар мен өңірлердің арасында үлкен арақашықтықтың болуы, бірінің табыс төмен, біріндегі жоғары болуы үлкен мәселелерге әкеп соғуы мүмкін. Осы тұрғыда Батыс үлгілеріне қарап, үңілу қажет, дейді ол.

“Миллиондық қала жасай берудің маңызы жоқ. Мәселен, Германияның тәжірибесіне назар салсақ, қалаларында ары кетсе 200,300 мыңға дейін халық тұрады. Сол қалаларға сәйкестендіріп кәсіпорындар, инфроқұрылымын дамытады. Мұндай тәжірибе бізге де керек.

Аймақ, өңірлердегі қалалардың дамуы, аймақтардағы, қала төңірегіндегі іргелес жатқан аудандар арқылы экоөнімдермен, логистикалық қызметтермен қалыптастыру мәселесі. Өңірлерді дамытуға байланысты кәсіпкерлік корпорациялар бар. Оларға да көңіл бөліну керек. Оның аясында 2%-ға дейін жеңілдетілген несие беріледі.Осындай тәжірибелер орындалуы қажет. Қаланың дамуына байланысты Жасыл экономика мәселесі көтеріліп жатыр. Қоқыс қалдықтарын шығару, өңірлердегі ауыл, қалалардың экономикалық ауыр жағдайға түспеуі, сонымен қатар, халықтың өмір сапасының жоғары болуы алдыңғы орынға шығатын критерийлер. Және де экономика мәселесі, халықтың табысын арттыру күн тәртібінде тұр. Өңір мен аймақтарда кәсіпкерлік дамымай, инфрақұрылым жасақталмай, жақсы сапалы білім беретін ошақтар мен сапалы медицина қызметін ұсынатын мектептер қалыптаспай тұрғындардың тұрақталуы екіталай. Олар көшіп кетеді не шетелге қоныс аударады”, – дейді маман. 

Қаржы сарапшысы Расул Рысмамбетов мемлекет ең алдымен өмір сүруге қолайлы инфрақұрылым жасауы қажет екенін айтады.

“Не істерін білмей дал болған астананың елді-мекендерді оңтайландыруға тырысып жатқанына бірнеше жыл болды. Сондағысы, тұрғындарды үкімет дамытуға аз көңіл бөлетін елді мекендерге көшіріп жатыр. 

Өкінішке қарай, мемлекет өзінің қазіргі саясатында үкіметтің негізгі міндеті – азаматтардың жайлылығы екенін ұмытса керек. Көптеген мемлекеттік бағдарлама іске қосылып, ақша да жұмсалып жатыр, бірақ мұндай елді мекендерде өмір сүру қолайлығы одан артып жатқан жоқ. 

Өмір сүруге қолайлы болу үшін ең біріншіден инфрақұрылым дұрыс болуы тиіс: жол, электр энергиясы, су, адамдарға негізделіп құйылатын инвестиция. Бір кәсіпорынға тәуелді моноқалаларда тұрғындарды жұмысқа орналастыра алатын жаңа өндірістерді іске қосатын уақыт жетті. Сонымен қатар, кез келген қалада бастысы – тұрғындар, сондықтан адамдарға өз еңбегімен ақша табуға мүмкіндік беріп, өндірісті өздері ашып, тұрмысын реттей алатындай жағдай жасалуы тиіс”, – дейді ол. 

Айта кетейік, Қазақстанда 2020 жылғы статистика бойынша, 27 моноқала мен 41 шағын қала бар, шамамен 10 мыңнан жоғары елді мекен бар. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр