Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа видео:Төреғали қарияны мазақ еткенімен қоймай, жекпе-жекке шақырған (видео)

Аты дауға қалған Төреғали Төреәлі сотталуы мүмкін бе? Ұятқа қалған “Ұлы дала баласына” қатысты Еуразия арнасына  тың деректер келіп түсті. Редакцияға жолданған бейнежазбада әншінің қарияны жекпе-жекке шақырғандығы айқын көрінеді.

Оқиға дәл сол күні кеште болған. Өзінің 25 жасын атап өту үшін бүкіл Қазақстанды гастрольдік сапармен аралаймын деп, басы үлкен дауға іліккен әншіге қатысты жұрт түрлі пікір айтуда.

Бірі жақтаса, ендігі бірі даттайды. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы көрерменнің жағында екендігін мәлімдеді. Өнерде жүрген әріптестері болса, жұртты кешірімді болуға шақырады.

“Ей, Қызылординец! Индюха, қара бері.”,-деген Төреғали.

Бірнеше күннен бері әлеуметтік желілерде желдей ескен Төреғалидың бұл кеші Павлодарда өткен еді. Атышулы концертте елмен суретке түсе бермей, ән айтуды талап еткен қарияны әнші ақыры залдан қуып тынған.

Торегали Тореали “Еріккен сарт **** уқалайды” деген. Ұнамай ма, шығып кетіңіз бар! Сізге ешкім жалынып жатқан жоқ”,

Бұл аз десеңіз, қарияға шамасы жететіндігін білдіріп, жекпе-жекке шақырғандай болды.

Әлеуметтік желі, ақпарат құралдарында жаппай жария болған видеоға қатысты қазір түрлі пікірлер тарауда. Көбісі даттап, әншіге «өркөкірек» деген тәрізді теңеулер жазуда.

Бораш Муталипов: «Бір-ақ сəтте абырой-беделден жұрдай болды! Өр көкіректік жарға жығады!»

Ерлібай Өзбекбайұлы: «Төреғалидың киелі сахнадағы “сандырағы” мен одан кейінгі “кешірімі” естір құлаққа ерсі сөздерімен тұрпайыланып тұр. Өз басым, бұл баланың бойында өркөкіректік басым ба деген ойға келдім».

Ал заңгерлер болса, жәбірленуші жақ Төреғали Төреәлінің үстінен шағым түсіруге құқылы екенідігін айтады. Өйткені, оның ақсақалды концерттен қуып шығуға қақысы жоқ.

«Егер үстінен шағым-арыз түсіретін болса, қылмыстық жауапқа әнші тартылады. Тергеу амалдарының барысында егер тараптар татуласатын болса, 68 бап аясында іс қысқартылады» – заңгер Еркебұлан Алпысбаев.

Дегенмен, әншінің өрескел қылықтарын жақтайтын әріптестері де табылуда. Олардың айтуларынша, өнер адамдары бар жерде мұндай жайттар жиі кездеседі. Тіпті правокация болуы да әбден мүмкін.

«Мен өз басым қазір Төреғали ініміздің ішінен қалай қатты уайымдап отырғанын алыстан ақ сезіп отырмын! Иә, қателіктер болады. Мінсіз адам жоқ! Дегенмен , адам адамға кешірімді болу керек! Ол концертте отырған кісі де қателіктер жіберген шамасы» – әнші Бүркіт.

Ал отандық радионың бірі әншінің әндерін эфирден алып тастады.

«OrdaFM» радиосының жетекшісі ретінде, желіде тараған әнші Төреғали Төреәлінің сахнада көрсеткен «өнерінен» соң, радио ұжымы болып, әншінің барлық әндерін эфирден алып тастау туралы шешім қабылдағанымызды хабарлаймын!

Демалыс күндері елдің назары жалғыз өзіне ауғанын білген әнші көп ұзамай кешірім сұрады.

Павлодар билігі болса, Төреғали Төрәлі үшін облыстағы бірқатар есік жабылғандығын хабарлады. Енді оның жуық арада бұл шаһарда кеш өткізуі бұлыңғырлау. Ал ай басында ғана әншіні «Нұр Отанға» қабылдаған партия оны қатарынан шығара ма ол жағы беймәлім.    Дегенмен арнамыздан арнайы хат жолданды. Оның жауабымен бірер күнде бөлісетін боламыз.

Оқи отырыңыз:

Ұлттық банк төрағасы шетелде бұғатталған 22 млрд долларға қатысты түсініктеме берді

Президент қазақстандықтардың зейнетақы қоры туралы сұраққа жауап берді

Назарбаев: мемлекет халқына тегін баспана беруге міндетті емес

Талқылау