AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа үш облыстың тұрғындарына қайта тіркеуден өту қажет пе? Министр жауап берді

Жаңа құрылған Ұлытау, Абай және Жетісу облыстарының тұрғындарына қайта тіркеуден өту қажет емес. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында журналистер жаңа облыстардың тұрғындары мен заңды тұлғалар қайта тіркеуден өтуі керек пе деп сұрады.

"Қайта тіркеуден өтудің қажеті жоқ", – деді министр. 

Министрдің орынбасары Бауыржан Омарбеков құжатты жоғалтқан немесе жаңартқан кезде, сондай-ақ басқа жерге қоныс аударғанда жаңа мекенжай жазылатынын айтты. 



"Ал қазір ұстап жүрген құжаттар жарамды, қайта тіркеуден өтудің қажеті жоқ", –  деп толықтырды вице-министр.

Айта кетсек, 8 маусымда президенттің үш облыс құру туралы жарлығы күшіне енді. 11 маусымда мемлекет басшысы жаңа облыстардың әкімдерін тағайындады. Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы, Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев, Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев болды. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр