Қонаев қаласындағы казинолар жұмысын жалғастыра ма? Ұлттық экономика министрі жауап берді
Қапшағай қаласының атауы Қонаев болып өзгергеннен бері көпшілікті алаңдатып жүрген "казино" мәселесіне қатысты сұраққа ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Ресми түрде Алматы облысының орталығы мәртебесіне ие болған Қонаев (бұрынғы Қапшағай қаласы) қаласында бірнеше казино орналасқан. Қонаев қаласындағы казино мәселесі қалай шешіледі? Казино ғимараттары әкімшілік мекемелеріне берілуі мүмкін бе?” , – деп сұрады журналистер ОҚК-де.
Ұлттық экономика министрі сұрақ бұған дейін министрлік деңгейінде қаралмағанын атап өтті.
“Бұл мәселе Ұлттық экономика министрлігі деңгейінде талқыланған жоқ. Менің ойымша, осы қалаға ерекше мәртебе берілгендіктен, осы мәселе де мұқият қаралады. Олардың ғимараттары да шешілетін мәселе. Қажет болған жағдайда олардың ғимараттарын жалға алуға да болады,” – деп жауап берді Әлібек Қуантыров брифингте.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды