Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа туған сәбиін қоқысқа лақтырған Қостанай қаласының тұрғыны жазадан құтылып кетті

Қостанай соты 2019 жылдың соңында жаңа туған нәрестесін қоқыс контейнеріне тастаған әйелге үкім шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Аlau.kz порталының мәліметінше, бастапқыда іс "Жаңа туған баланы анасының өлтіруі" бабы бойынша қаралды. Алайда, Қостанайдың №2 соты 27 жастағы әйелге "Баланы абайсызда өлтіріп алу" бабы бойынша үкім шығарды.

Сот босанудың патологиялық екенін анықтады. Босанған әйел сәбиді өлі туды деп ойлаған. Сондықтан іс қайта сараланды.

Қостанай қаласының тұрғынының 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығы шектеледі. Сот оның қарамағында екі кішкентай баласының болуын ескерді.

Еске салсақ, 2019 жылдың 23 қарашасында жаңа туған нәрестенің денесі Қостанайдағы қоқыс контейнерінен табылған.

Дәрігерлер жаңа туған баланың қоқыс контейнерінде жатқанын, оның басында целлофан пакет болғанын мәлімдеді. Бала клиникалық өлім жағдайында болды. Дәрігерлер реанимация жасауға тырысты, бірақ бұл нәтиже бермеді. Жаңа туған нәрестенің денесі мәйітханаға жеткізілді.

 

Талқылау