Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа оқу жылында студенттердің шәкіртақысы өседі

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылында студенттердің шәкіртақысы қанша болатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

студенттер

“Мемлекет басшысының тапсырмасымен шәкіртақы көлемі артып келеді. Биылғы қыркүйек айынан бастап бакалавриат бойынша стипендия мөлшері 31 мың теңгеден сәл асады деп жоспарлап отырмыз. Магистратураға келсек, 15%-ға өсіп, шамамен 76 мың теңге болмақ”, – деді министр.

Оның айтуынша, докторантура үшін тек соңғы 2 жылда шәкіртақы мөлшері шамамен 82 пайызға өскен. Дегенмен, биыл да оның мөлшері артып, 172 мың теңгеге жетеді.

Бұдан өзге Асқат Аймағамбетов гранттар саны да өсетінін мәлімдеді.

“2025 жылға дейін гранттар саны артып, 75 мың орынға жетеді деп жоспарланған. Қазірдің өзінде сайлауалды бағдарламаны іске асыруды бастадық. Қаржы бөлінді. Биыл қыркүйек айында гранттар саны 5 мың орынға ұлғайтылады. Жыл сайын бакалавриатқа 51 мың орын бөлінсе, биыл 56 мың орын болады”, – деді ол.


Білім сапасы төмендейді: Қазақстандағы мектеп басшылары директорларды үш жыл сайын ауыстыруға қатысты пікір білдірді

Талқылау