Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сайлаушылардың 51,93%-ы дауыс берген: Қазақстанда референдум өтті деп танылды

референдум

Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 14.00-дегі жағдай бойынша азаматтардың жартысынан көбі дауыс берді.

Жалпы сағат 14.00-дегі жағдай бойынша республиканың 6 471 378 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 51,93%-на тең.

Өңір бойынша көрсеткіш:

Абай облысы 61,04% Ақмола облысы 60,05% Ақтөбе облысы 61,37% Алматы облысы 56,13% Атырау облысы 56,54% Батыс Қазақстан облысы 49,97% Жамбыл облысы 51,13% Жетісу облысы 59,82% Қарағанды облысы 57,32% Қостанай облысы 56,51% Қызылорда облысы 64,63% Маңғыстау облысы 53,14% Павлодар облысы 53,31% Солтүстік Қазақстан облысы 52,37% Түркістан облысы 58,03% Ұлытау облысы 52,06% Шығыс Қазақстан облысы 59,60% Астана қаласы 40,68% Алматы қаласы 21,68% Шымкент қаласы 58,24%.

"Республикалық референдум туралы" Конституциялық заңының 31-бабы 2 тармағына сәйкес, егер референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі дауыс беруге қатысқан болса, референдум өткізілген деп саналады.

Дауыс беру учаскелеріне келу туралы келесі ақпарат жергілікті уақыт бойынша 16.00-де беріледі.

Қырмызы Скендирова
Жексенбі, 15 Наурыз, 2026 14:19