Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа денсаулық сақтау министрі МӘМС жүйесін реттеуге уәде берді

Жаңа денсаулық министрі Ақмарал Әлназарова Сенат кулуарында журналистердің сұрағына жауап беріп, бір жылға жетпей қазақстандықтардың неліктен МӘМС-ке көңілі толмайтынын анықтап, мәселені шешеміз мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: parlam.kz

Әлназарованың сөзінше, МӘМС-тен бас тартуға болмайды. Бұл - министрліктің өзгермейтін көзқарасы.

Тұрғындардың жүйеге сұрағы көп екенін түсінемін. Жүйені қайта жасауымыз керек. Мемлекет басшысының тапсырмасымен осы істі қолға алдық. Біз қазір медициналық ұйымға ақшаны жіберу жұмысын жеңілдетуіміз қажет. Себебі медициналық қызметкерлерге де, ұйымдарға да белгілі бір қиындық туындайды, ол, әлбетте, медициналық қызметті көрсету сапасына әсер етеді”, – деді министр. 



Министр қызметіне енді ғана кіріскен Ақмарал Әлназарова бірінші кезекте тұрғындардың неліктен МӘМС жүйесіне көңілі толмайтынын анықтап, түсінуге, олардың шағымын азайтуға уәде берді. Оған көп уақыт та керек емес дейді. Министрдің сөзінше, бәрін талдауға кететін уақыт бір жылға жетпейді. 

Бүгін денсаулық сақтау министрі болып тағайындалған Ақмарал Әлназарова сенат құрамынан шыққанын хабарладық. 

Кеше Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова МӘМС жүйесін не күтіп тұр, ол тоқтай ма деген сұраққа жауап берген еді. 

Сонымен қатар мемлекет басшысы үкіметтің кеңейтілген отырысында бұл жүйе 5 жыл бойы жұмыс істесе де әлі күнге дейін өзгеріс болмай тұрғанын сынады. 

Талқылау