Жәмила Бақбергенова әлемнің ең үздік балуандарының көшін бастауға жақындады
Әлем чемпионатының үш дүркін күміс жүлдегері Жәмила Бақбергенова әлемдік рейтингте екі саты көтеріліп, ең үздік балуандарының көшін бастауға жақындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Жәмила Бақбергенова Біріккен күрес әлемінің (UWW) жаңартылған әлемдік рейтингінде екі саты жоғарылап, позициясын жақсартты.Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының үздігі Жәмилә Бақбергенова 72 келі салмақ дәрежесінде өз позициясын жақсартып, төртінші орыннан екінші орынға көтерілді. Оның еншісінде 45 000 ұпай бар. Ал, рейтингтің көшін жапондық Ами Исии бастаса, үздік үштікті румыниялық Александра Николета Ангел аяқтайды.
Айта кетсек, жақында өткен әлем чемпионатында Бақбергенова финалға шығып, жоғарыда аталған Исииге есе жіберген еді.
20 жастағы қазақстандық қызды бұрынғы жігіті қатыгездікпен өлтірді деп айыпталды: Оқиғаның мән-жайы айтылды
Абай облысында жігіт қызға 12 рет пышақ сұғып, бірнеше рет басынан соққы жасаған
Бір оқушыға 150 мың теңге: 2026 жылы Қазақстанда баланы мектепке дайындау қанша болады
Мектепке дайындық: балаларға арналған киім кешектер мен жарақтардың бағасы қанша?

