Жамбылда күйеу бала қайын жұртының соғымын ұрлап кеткен
Жамбыл облысында жайылып тұрған соғым етін ұрлап кеткен. Жылқы мен қой етін үптеп кеткен ұры алыстан келмепті. Келеңсіз оқиға Тұрар Рысқұлов ауданы Көгершін ауылында болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі АстанаТв арнасына сілтеп хабарлайды.

Іздестіру шаралары барысында, күдікке сол үйдің 33 жастағы күйеу баласы іліккен. Ол малды союға сол күні қайын жұртына жәрдемдесіп жүрген. Түн ауа ет жайылған қораның есігін бұзып кіріп, түгін қалдырмай алып кеткен.
Тергеу барысында күдікті ұрлық жасаған сәтте мас болғанын, соғымды асып жеу мақсатында алғанын мойындады дейді полиция өкілдері. Енді ет асып жегісі келген күдікті, қайын жұртының кешірімін алмаса, темір торға тоғытылмақ.
"Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Көрсетілген бапқа сәйкес, екі жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген", - дейді Жамбыл облыстық ПД баспасөз хатшысы. Гүлсара Мұхтарқұлова.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты
Абыл Кекілбаев төтенше қонулар авиакомпанияларға тек ерекше жағдайда ғана жасалатынын айтты
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)
Желі қолданушысы: "Қатты дыбыстан құлақ бітіп қалды, ұшақ қирап қалатындай көрінді"