Жамбыл облысында ұлттық ұланның үш офицері жаттығу кезінде жарақат алған
Жамбыл облысында ұлттық ұланның үш офицері жаттығу кезінде жарақат алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға 25 қыркүйекте болған.
"Оқу атыстары "Айша-бибі" полигонындағы жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес ұлттық ұланның әскери бөлімінің әскери қызметкерлерімен өткізілді. Қауіпсіздік шараларын бұзу салдарынан үш офицер аяғынан жеңіл жарақат алды. Әскери қызметшілер Тараз қаласының емдеу мекемесіне жатқызылды. Қазіргі уақытта жағдайы қанағаттанарлық, өмірлік маңызды ағзаларына зақым келген жоқ", – деді ұлттық ұланның баспасөз қызметі.
Сондай-ақ бірінші және үшінші ротаның екі командирі мен аға лейтенант жарақат алғаны анықталды. Барлығында аяқ жарақаттары бар. Жарақаттың себептері ресми түрде айтылмады, бірақ гранатадан деген болжам бар. Ұлттық ұлан себептер мен жағдайлар зерттеліп жатқанын айтты.
Еске салсақ, Қарағанды облысында жаттығу барысында екі адамдық ұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза тапқаны хабарланды.