"Жамбыл облысында тағы бір жарылыс болды": Қорғаныс министрлігі ақпаратқа түсініктеме берді
Қорғаныс министрлігі 29 тамызда Жамбыл облысындағы Байзақ ауданында тағы бір жарылыс болып, үш адам зардап шекті деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Бұған дейін, осындай ақпарат БАҚ-та таралған еді.
Тараз гарнизоны баспасөз хатшысы, подполковник Дина Мухаринова 29 тамызда расымен де жарылыс болғанын және осы кезде әскери қоймада үш адам жүргенін растады.
“Олардың үшеуі де профилактикалық мақсатта ауруханаға жіберілді. Алайда дәрігерлер олардың ешқайсысы жарақат алмағанын анықтады. Тексерістен кейін олар өз қызметтеріне қайта кірісті”, – деді ол.
Қазіргі таңда жарылыс болған әскери қоймада тазарту жұмыстары жүргізілуде. Іс -шаралар кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға жіті назар аударылуда. Бұл жұмысқа жұмылдырылған әскери қызметкерлер арнайы қорғаныс костюмдерінде жұмыс істейді.
Айта кетсек, 26 тамызда болған қайғылы жағдайдың салдарынан 15 адам көз жұмған еді.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар