Жамбыл облысында шекара қызметінің офицері көз жұмды
Жамбыл облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің офицері көз жұмды. Қазір құзырлы органдар әскеридің өліміне қатысты тергеу бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"27 шілдеде Қордай аудандық ауруханасындда ҰҚК Эамбыл облысы бойынша шекара қызметінің офицері Азат Үмбетұлы көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша миына қан құйылу өлімнің себебі болған. Аталған дерек бойынша ІІМ Оңтүстік аймақтар бойынша әскери-тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр", – делінген хабарламада.
ҰҚК шекара қызметінің басшылығы мен жеке құрамы марқұмның жақындары мен туыстарына көңіл айтты.
13 жыл бұрын үздік атанған алты шенеуніктің бесеуі сотталып кетті: Бұған не әсер етті
Тізімнің алғашқы төрттігіне Қуандық Бишімбаев, Самат Әбіш, Марат Бекетаев пен Дәулет Ерғожин енген
"Күйсандық", "қылтима", "үнқағаз": Тоқаев күмән келтірген қазақша аудармалар қаншалықты сәтті
Мамандар қазақ тіліндегі барлық кірме сөзге міндетті түрде балама табу қажет деген пікірмен келіспейді