Жамбыл облысында пандемиямен күреске бөлінген ақша ұрланды
Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері пандемияға бөлінген қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді.

Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте хабарлады.
"Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты пандемиямен күреске бөлінген бюджет қаражатын жоғары бағамен сатып алу жолымен ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде", - деді Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бигайдаров.
Оның айтуынша, күдіктілер мемлекетке 8 миллион 730 мың 560 теңге сома залал келтірді. Тергеу әлі жалғасып жатыр.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты