Жамбыл облысында босанған әйел комаға түсіп, жаңа туған сәбиі шетінеп кетті
Жамбыл облысы Шу қаласында босанған әйел комаға түсіп, оның жаңа туған сәбиі шетінеп кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Қайғылы оқиға Шу қалалық ауруханасында болды.
Туыстарының айтуынша, әйел перзентхана бөліміндегі дәретхана маңында құлап қалған. Жақындары әйелге дәрігерлер қажетті көмекті көрсетпеді, оған тиісінше қарамады деп есептейді. Сондай-ақ олар босандыруды жүргізген дәрігердің бұған дейін үш қылмыстық іс бойынша күдікке ілінгенін мәлімдеді.
Нәрестеге үш рет сәтсіз ота жасаған: Талдықорған тұрғыны ұлының жағдайына дәрігерлерді кінәлайды
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқас ауруханаға жүктілігінің 33-аптасында преэклампсия белгілерімен түскен. Оған шұғыл кесарь тілігі жасалған, қазіргі жағдайы өте ауыр. Жаңа туған нәресте жайлы ақпарат берілген жоқ.
Әлеуметтік желіде тараған видеода аурухананың бас дәрігері жағдайға қатысты мәлімдеме жасаудан бас тартқан.
Еске салсақ, бұған дейін Семейдегі перзентханада дәрігерлер жаңа туған нәрестені күйдіріп алғаны туралы жазған едік.