Жамбыл облысында әкім орнын сатып алғысы келген шенеуніктің әңгімесі әшкере болды

Жамбыл облысында шенеунік аудан әкімінің орнын сатып алмақшы болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

әкім

Бұл лауазым үшін мемлекеттік қызметкер 50 мың доллар беруге әзір болыпты. Тіпті артық ақша беріп жібермеу үшін ол саудаласқан көрінеді. Алаяқтығы ашылып қалған шенеунік өзінің сөзін тек әзіл екендігі айтып, сытылып шықпақшы болыпты. 

"Телефон арқылы кім не демейді? Мүмкін ондай әңгіме болған да шығар. Достарыммен әзілдескен болатынбыз. Ондай еш ойым жоқ еді", - деп ақталды Меркі ауданы әкімінің орынбасары Міржан Сүлейменов. 

Сүлейменовтың телефон әңгімесін жемқорлыққа қарсы қызметкерлердің назарын аударыпты. Олар шенеуніктің жоғары лауазымды иелену туралы айтқан сөздеріне бақылау жүргізген. Тыңдалған телефон арқылы әкім орынбасары өз ақшасын далаға шашқысы келмейтіндігін айтып, уайымдапты. Ертең оның ақшасы ақталмай қалады ма деп те ойланыпты. Мемлекеттік қызметкермен саудаласқан адам сол жақтағы беделді кәсіпкер екен.

Сүлейменовтың оқиғасы тәртіптік отырыста ұзақ талқыланыпты, біреулер оның қызметін төмендету туралы да ұсыныс білдірген. Ең ақыры жиналғандар  мансапқор қызметкерге тағайындалатын тәртіптік жазаны шенеунік аңсаған ауданның әкімі шығарады деген тоқтамға келіпті.

"Рустамбеков "сенің мәселен шешіліп жатыр" дейді. Оған Сүлейменов қызметке тағайындау барысында "200 мың доллар сұрамайтын шығар, тек 50 ғана бере аламын" деп жауап береді. Артынан кейін ол "мен сосын бұл ақшаны қайта шығара аламын ба" деп сұрап жатады. Әңгіме әкім лауазымын иелену туралы айтылғаны сөзсіз", - деп мәлімдеді  Жамбыл облысының жемқорлыққа қарсы департтаменттің қызметкері Қайрат Дүнбаев. 

 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Кәсіпкердің өлімі үшін 17,5 жыл: Шымкенттегі кісі өлтірушіге үкім жарияланды

Кәсіпкер өзінің жолдасын 5 миллион теңгеге өлтіруге тапсырыс беріп, кісі өлтірушінің көмегіне жүгінген

"Тальгодағы" зорлау: істің нүктесі қойылды

"Тальго" жолсеріктерінің ісі бойынша соңғы нүкте қойылды

В Туркестанской области в семье 4-5 детей, а в Алматы 1-2. Почему такая разница?

Коронавирустың кесірінен 1000 адам Канар аралдарындағы қонақүйде карантинге жабылды

Канар аралдарына саяхаттап келген италияндық азаматтан коронавирус табылды

Қазақстанда бокстан олимпиада чемпионының әкесі қайтыс болды

Бекзат Саттархановтың әкесі жүрек ауруынан қайтыс болды

Антарктикада қызыл қар жауды

Антарктикадағы қызыл түсті қар елді әбігерге салды

"Олар сынақ нәтижелерін қорқынышпен күтуде": Жапониядан келген "Кешью" тобының директоры карантинге жабылды

"Кешью" тобының директоры Назым Басқынбаева карантинге жабылды

Коронавирусқа бейім жас туралы мәлімдеме шықты

Коронавирусқа барлық жастағы адам бейім деген қорытынды жасалды

Тарихта бірінші рет тірі донордан қолдың буынын трансплантациялады

Вьетнам астанасы Ханойда тірі донордан қол буынын трансплантациялау бойынша әлемдегі алғашқы ота өтті

Сегіз рет жасалған сараптама нәтижесі теріс болған әйелдің коронавирус жұқтырғаны анықталды

Сегіз сынақтың нәтижесі теріс болып шығыпты
Çàãðóçêà...