Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында мектеп оқушысын ұрып өлтірген екі жасөспірім сотталды

Жамбыл облысы мектеп оқушысын өлтірген екі күдіктіге қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: depositphotos.com

Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Меркі ауданында болған бұзақылық және мектеп оқушысын өлтіру фактісі бойынша айыпталған кәмелетке толмаған екі сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Соттың мәліметінше, 2024 жылдың мамыр айында кәмелетке толмаған сотталушылар мен жәбірленуші С-ның арасында жанжал шыққан. Қылмыстық ниетін жүзеге асыру мақсатында сотталушы С, сотталушы Б-ның нұсқауымен, темір металды кастетпен қаруланып, жәбірленушінің желке тұсынан ұрып, оқиға орнынан қашып кеткен. Соққының салдарынан жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды.



Күдіктілердің қылмысы жәбірленушінің өкілі мен куәгерлердің айғақтарымен, сарапшылардың қорытындыларымен, заттай дәлелдемелермен дәлелденді.

“Кәмелетке толмаған сотталушы Б-ға қылмыстарда оның бастамашы рөлін ескере отырып, қылмыстардың жиынтығы бойынша 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Кәмелетке толмаған сотталушы С-ға 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотпен әрбір сотталушының заңды өкілдерінен моральдық шығынды өтеу үшін 10 млн теңге өндірілді”, – делінген сот хабарламасында. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, бұған дейін Қызылорда облысындағы 9-сынып оқушысын өлтірді деген күдікпен 17 жастағы жасөспірім қамауға алынғаны туралы жазған едік. 

Талқылау