Қызылорда облысындағы 9-сынып оқушысының өлімі: 17 жастағы жасөспірім қамауға алынды
Қызылорда облысында 17 жастағы жасөспірім тоғызыншы сынып оқушысының өліміне әкеп соқтырған ауыр дене жарақатын келтірді деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Getty Images
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі кәмелетке толмаған баланың өлімі туралы ақпаратты растады. Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
"Қазір қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Оның ішінде полиция барлық материалды зерттеп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы қылмысқа қатысы бар тағы екі адамға қатысты бұзақылық жасағаны үшін қылмыстық іс қозғалып, сот оларға қатысты үйқамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады", – делінген хабарламада.
Еске салсақ, осыған дейін Шымкентте 20 күн бұрын жоғалған жігіттің өлі күйінде табылғаны мәлім болған еді.
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған
Қаскелеңде автобус қағып кеткен студенттің ісі жабылып қалған: Анасы қызының ауыр жарақат алғанын айтады
СДУ алдында автобус қызды қағып кеткен, алайда полиция істі көп ұзамай жауып тастаған