Жамбыл облысы Байзақ ауданының әкімі өңірдегі жағдай жайлы айтты
Жамбыл облысы Байзақ ауданының әкімі Бақыт Қазанбасов өңірде қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі zakon.kz-ке сілтеме беріп.

“Оқиға орнына жақын жерде үш елді мекен бар. Қайнар кентінде 85 адам тұратын 17 үй бар. Олар қаладағы бесінші мектепке жеткізілді. Құрбандар жоқ. Жібек Жолы кентіндегі 13 үйдің терезесінің әйнегі сынып кетті. Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Басқа айтарлықтай зақым жоқ", – деді ол.
Сонымен қатар эвакуацияланған аудан тұрғындары билікке көмек бергендері үшін алғыс білдіреді.
“Мен осы ауылдың тұрғынымын. Бізді кеше эвакуациялады. Барлығы осында болды: дәрігер де, учаскелік полиция, ОМОН. Бізді алып кетті, енді қайта келдім, бізде бәрі жақсы. Жағдай бақыланып отыр”, – дейді тұрғындардың бірі.
"8 наурызды тойламаймын": Қазақстандық әйелдер атаулы мерекеден не үшін бас тартқандарын айтты
Қазастандық: "Үйде де, жұмыста да, көшеде де қор болып, зәбір көретін – әйел"
"Жеті атаны білеміз, жеті апаны ше": Қазақстандықтар әйелдерді шежіруге қосуды ұсынды
Этнограф: "Шежіреге қыздар жазылмайтын болса, ру аттары неге әйел атымен аталған?"