Жамбыл облысы әкімінің 30 жастағы жаңа орынбасары тағайындалды

Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің келісімі бойынша Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес, Кәрібек Дәулет Жамаубайұлы аймақ әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кәрібек Дәулет Жамаубайұлы 1990 жылы Жамбыл облысы Сарысу ауданында туған, білімі жоғары.

Жамбыл облыстық дарынды балаларға арналған «Дарын» мектеп-интернатын, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «саясаттану» мамандығы бойынша бітіріп, 2012 жылы бакалавр, 2014 жылы магистр дәрежесін алған, 2018 жылы PhD докторантурасын бітірген.

Еңбек жолын Астана қаласының Алматы ауданы «Jas Otan» Жастар қанаты төрағасының бірінші орынбасары болып бастаған.

Әр жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығының инспекторы, «Jas Otan» Жастар қанаты филиалының аппарат басшысы, «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының менеджері, «Jas Otan» Жастар қанаты хатшылығының ұйымдастыру-аумақтық жұмысы бөлімінің сарапшысы, «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының хатшылық басшысы, атқарушы хатшысы, төрағасы болды, Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың сайлауалды штабының «Team Qazaqstan» жастар қанатын басқарды. 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы қызметін атқарған.

2021 жылдың қаңтарынан бастап бүгінгі күнге дейін «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары лауазымында қызмет атқарып келді.

Президенттік жастар кадр резервінің құрамында, «Nur Otan» партиясы Саяси Кеңесі Бюросының мүшесі.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр