"Жамбасын ұстап, тізерлеп отырғызған": Құран оқып үйрететін ұстаз оқушы қыздарын зорлады деген айыппен сотқа тартылды
Германияда 30 жастағы сириялық ер адам 5 пен 9 жас аралығындағы алты қызды қорлады деген айыппен сотқа тартылды. Ата-аналар қыздарын оның үйіне араб тілі мен Құраннан жеке дәріс алу үшін апарған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Bild Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Bild
Тергеушілердің мәліметінше, алепполық Захед 2018 жылдан бері өз пәтерінде кем дегенде 11 рет кішкентай қыздарды зорлаған. Айыптау қорытындысы бойынша, ол қыздардың жамбасын ұстап, оларды сүйген. Екі қыз мұғалім оларды жартылай жалаңаштап, тізерлеп отыруға мәжбүрлегенін айтты. Кейін бір шәкіртін зорлаған.
Күдікті өз кінәсін толығымен мойындамады.
2023 жылы Солтүстік Рейн-Вестфалияда балаларды зорлау көбейген. Қылмыс статистикасы өткен жылмен салыстырғанда 22,6% өсіп, 5065 оқиға болған.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"