Петропавлда әйел қызын қорғау үшін аулада жүрген 10 жастағы оқушыны ұрып тастады
Петропавлда әйел өзінің қызын жақтап, аулада жүрген 10 жастағы қыздың шашынан жұлды. Оқиғаға қатысты полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото видеокадрдан скриншот жасалған
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің дерегіне сенсек, келеңсіз жайт екі күн бұрын қаладағы Ухабов, 2 көшесіндегі аулада болған. Желіде тараған кадрлардан әйелдің жасөспірім қызға келіп, қоқан-лоққы көрсетіп, шашынан жұлғанын көруге болады.
Қыздың әпкесі Дарья Смольникова оның №17 мектепте оқитынын айтты. Қазір Алиса Смолькова бесінші сыныпқа барды. Әпкесі қыздың белсенді әрі жан-жануарға өте қамқор екенін, сондықтан жеті-он жас шамасындағы балалардың мысықты қалай қинап жатқанын көргенде қасынан жайбарақат өте алмағанын айтады.
"Менің сіңілім Алиса Петропавл қаласы Радищев көшесі, 35 мекен-жайындағы аулада қыздардың қолындағы қораптан шалажансар жатқан мысықтың баласын көрген. Ол бірден ветеринарға апарған, алайда маман мысықты құтқаруға кеш екенін, өлетінін айтқан. Алиса оны үйге әкелген соң, жануар бірнеше сағаттан кейін өлді. Алиса қораптың иесі қызға барып, одан мысыққа не болғанын білмек болған. Бірақ ол "жаман иісі болғандықтан, мысықты мен азаптадым" деп айқайлай бастаған. Алиса жануарларға бұлай қарау дұрыс емес екенін айтып, басқа қызды итеріп жіберді. Дарияның айтуынша, оның тарапынан ешқандай соққы болмаған. Итеріп жібергеннен кейін қыз анасына шағымданған. Қыздың анасы жүгіріп шығып, жиеніме айқайлап, шашын жұлды. Әйел полицияны өзі шақырып, арызданды. Енді полиция Алисаны тәрбие көрмеген деп есепке алайын деп жатыр", – деп жазды осы оқиғаға қатысты Петропавл тұрғыны.
Оқиға болған кезде Алисаның анасы Алматыда іссапармен жүрген. Ал әкесі жұмыста болған. Үйде жалғыз туысы оның үлкен әпкесі, он алты жасар Дария екеуі ғана қалған.
"Сол күні біз арыз жаздық. Әкем Алисаны облыстық балалар ауруханасына апарды. олар оның мойынының созылғаны туралы анықтама берді. Бүгін медициналық тексеруге бардық. Міне, олар қазірдің өзінде ештеңе жоқ деп айтады", – деді Дарья Смолкова.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бұл фактіні растады.
"Осы факті бойынша полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 109-1-бабы 2-бөлігінің 8-тармағы "Көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты ұрып-соғу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізеді. Бірқатар қажетті сараптама тағайындалды. Олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады", – деді полиция.
Еске салайық, бұған дейін Астанада ер адам үй ауласында 15 жастағы жасөспірімді үш жерден пышақтап кеткенін жазған едік. Бейнежазбалардан ер адамның өзінен бірнеше қадам алыста тұрған жасөспірімге атылғанын көруге болады. Сондай-ақ баланың анасы оқиға болған соң 40 минуттан кейін келгенін айтты.