Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Жаман дыбыстар шығады": Шымкентте бұрынғы монша қылмыскерлер мен бомждар ордасына айналған

Шымкент қаласы Гагарин көшесінің тұрғындары үйлерінің қасында орналасқан қаңғыбастар мен қылмыскерлер мекеніне айналған атышулы монша жайлы айтып Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісіне сұхбат берді. Айтуларынша, нысанның жұмыс істемей тұрғанына бірнеше жыл болған. Үш қабатты ғимарат бүгінде адам көргісіз күйде. Кезінде монша болғанын тек маңдайшасындағы жазудан қалған "н" әрпіне қарап аңғаруға болады. 

Бүгінде нысанды қаңғыбастар мекен етеді. Ғимарат ішінде шашылып жатқан тұрмыстық қалдықтар, киімдерге қарап оны бірден аңғаруға болады. Моншаға жақын жерде тұратындар бұл жердің күндіз тыныш болатынын айтады. Күн қалай батады. Солай жан-жақтан түрлі адамдар ғимарат ішіне жиналып, ойларына келгенін істейді екен. 

- Түнде мүлдем терезе ашпайтын болдық. Қорқамыз. Түнде жаман дыбыстар шығады. Әйелдердің неше түрлі дыбысы шығады. Одан кейін азанда өткенде атыстың дауысы шықты. Жаман енді. Қорқамыз, - дейді тура моншаның түбінде тұратын келіншек. 

Бұл ғимаратқа келуге соңғы кезде жастар да үйір. Бұрынғы моншаға жақын жерде тұратын тұрғындар олардың болашағы үшін алаңдаулы. 

- Жастар да, оқушылар да келеді. Қолында бутылкасы бары да, темекі шегетіні де осында. Бар бұзақылық ішінде болып жатыр. Қорқасың. Тіпті жанынан да өтуге жүрегіміз дауаламайды. Түніменен айқай-шу. Енді үйге анық естіледі, - деген келіншек тіпті соңғы уақытта өзінің ұл-қызын көшеге шығаруға қорқатынын айтады. Себебі, маскүнемдердің көңіл-күйі болмаса, көздеріне көрінген адамға бөтелке, тас лақтыра жөнеледі екен. 

Бұрынғы моншаны мекен етіп жүргендер тұрғындардың тыныштығына қоса, дүние-мүліктерін де ұрлауға көшкен. Түнде есік алдында тұрған заттарының таңертең орнын сипап қалатын жағдайлар жиілеген. 

- Біздің үйде екі рет ұрлық болды. Есіктің алдындағы ыдыстың бәрін алып кетіпті. Кастрюль, стремянка  - бәрі жоқ қой есіктің алдына шығып қарасам, - деген тұрғын үлкен үреймен күн кешіп жатқандығын айтты.

Ашық деректерге сүйенсек, бұл ғимарат "Halyk" банкіне тиесілі. Сатылымға 2018 жылдың мамыр айында шығарылған. Десе де, күні бүгінге дейін нысанды сатып алғысы келетін жан табылмапты. Ал монша жанындағы үйлерде тұратын тұрғындар қаңғыбастар мен қылмыскерлер жиналатын орынның иесі жақын арада табылмаса, өзіміз бір шара жасаймыз деп отыр. 

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Бас сүйек миы қатты зақымдалған": Дәрігерлер зардап шеккен адамдардың жағдайы қалай екенін айтып берді

ЖКО орнына жедел жәрдемнің 11 бригадасы және ҚР ІІМ ТЖК-нің бір бригадасы шықты

"Алдында 7 адамнан көп өлді": Шымалғанға жиылған жұрт шу шығарды (видео)

Тұрғындар 20 жылдан бері көпір салдыра алмай жүргенін айтты

Шымалғандағы ірі жол-көлік оқиғасы: Зардап шеккен әйел балаларымен жансақтау бөлімінде жатыр

Алматы полиция департаментінде көз жұмған автобус жүргізушісі туралы айтып берді

Шымалғанда теміржолдағы ірі жол апаты: Қаза болғандар туралы ақпарат жаңарды

Бұған дейін екі адамның көз жұмғаны туралы хабарланған еді

Шымалған станциясындағы ірі жол апаты: Пойыздың соғылу кезінде екі бала мен әйел зардап шекті (видео)

Жантүршігерлік жол апатына байланысты тергеу амалдары басталып кетті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысындағы ірі жол апатына байланысты көңіл айтты

Шымалған станциясындағы теміржолда ірі апат орын алды

Шымалған станциясында пойыз автобусқа соғылды: Құрбан болғандар бар

Үлкен жылдамдықпен келе жатқан пойыз жолаушылар автобусына соғылған

Елордада бір жетіден бері 24 жастағы жігіт із-түзсіз жоғалып кетті

Соңғы рет оны адамдар Ұлы Дала мен Мәңгілік ел даңғылының қиылысында көріпті

УДЗ-ға түскен бойжеткен "шайтаннан аумайтын" сәбиін көріп, шошып кетті 

Экраннан баланың бір аунап, күлімдеп қарағанын көрген болашақ ана өз көзіне сенбеді

Бауыржан Байбек Алматы қаласының қадірлі азаматы атанды

Қаланың экс-әкімін оңтүстік астананың қазіргі басшысы Бақытжан Сағынтаев марапаттады
Çàãðóçêà...