"Жалғыз заңды әйелімін": Индира Елемес өзін "тоқал" деп сынап жатқандарды орнына қойды
Белгілі әнші Индира Елемес жеке өмірін жайып салғаннан кейін сынға қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/indiraelemes/
Өнер иесі күйеуінің екінші әйелі болып тұрмысқа шыққанын айтқан еді. Жас айырмашылығы – 19 жас. Көпшілік әншіні “Тоқал болды” деп сынап жатыр. Алайда әнші өз шындығын айтты.
“Қайдағы ашына, тоқал? Мен оның жалғыз заңды әйелімін. Бірінші әйелімен заңды некеде болмаған. Бұрында ажырасып кеткен. Сол отбасымен және бізбен екі жақта жүретін", – деп жазды әнші.
Одан кейін дәл қазір отбасына қатысты ештеңе айта алмайтынын жеткізді.
“Ішімде не болып жатыр? Тек бір Алла біледі. Алдымызда не болады, оны да бір Алла біледі. Өсек сөздерге керең болайықшы", – деп жазды Индира Елемес.
Фото: https://www.instagram.com/indiraelemes/
Еске салайық, өнер иесі күйеуімен ажырасуға қорқып жүргенін айтқан еді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген