"Жалған қауесетке сенбеңіздер": Тоқаев кеңесшісі желіде тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді
Президент кеңесшісі Ерлан Қарин желіде тарап жатқан түрлі қауесеттерге сенбеуді сұрады. Бұл туралы ол өзінің Фейсбук парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазір мемлекет өте үлкен және қарқынды жұмыстар жүргізуде. АП, үкімет және әкімдіктер қазір бір үлкен штаб болып табылады. Қызметкерлер түн ортасына дейін жұмыс жасауда. Сондықтан, өтініш, әр түрлі жалған жаңалықтарға сенбеңіздер", - дейді Ерлан Қарин желіге салған постында.
Әлеуметтік желілердің бірінде Қасым-Жомарт Кемелұлының өкілеттілігін тоқтатқаны жайлы әңгімелер тараған еді. Бұл туралы 19 наурызда хабарлайды екен-мыс.
Балалар құсып, іші өтіп жатыр: Қазақстанда инфекция таралып жатыр ма?
Мамандар әзірге ауру жаппай өршіді деуге негіз жоқ екенін айтады
"Шай құймаймын, бір рет те тамақ пісірмедім": Түрікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы енесімен қарым-қатынасы туралы айтты
Дина: “Күйеуім Алматыдан үй алуыма көмектесіп, ауырғанда жанымнан табылды”