Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жалаңаш қыздарды клипке түсірген Айқын елдің сынына жауап берді

Кубалық әріптестерімен бірігіп бейнебаян түсірген Айқын Төлепберген шетелдік әріптестеріне еліктегенін жасырмайды. Ол “Өмірім айқын” әнінің жарыққа шығуына әлемдік хитке айналған Decpasito сынды әндердің себепші болғанын ашып айтты.

20590294_116157765650636_2547275335808843776_n

“Клип арқылы біреуді бірдеңеге үйреткіміз келмеді, жай қазіргі жастардың өмірі айқын, көңілді, жарқын болсын деген ниетпен түсірдік. Жазда енді елдің бәрі де шомылады, демалғысы келеді. Сол үшін біз де Қапшағайға барып шомылдық, демалдық, қыдырдық. Мотоциклге міндік, неше түрлі жасап, соның бәрін камераға түсіріп алып, клип ретінде көрсеттік. Көңілді жақсы, жазғы бейнебаян болды деген ойдамын”, – деп түсіндірді әнші Hit-TV арнасына берген сұхбатында.

Алғашқыда «Өмірім айқын» әні тек қазақ тілінде жазылған. Содан кейін Айқын композицияға испан тілін қосып, ерекшелік беремін деп шешіпті.

«Фишка болсын деп испан тілін қосайын деп шешім қабылдадым. Испан тілінде сөйлейтін кубалықтар өте көп Қазақстанда. Сондықтан соларға ұсынып, олар тыңдап, дуэт жасайтын болдық. Оған ұйытқы болған қазір дүние жүзінде хит болған әндер Bailando, Decpasito, Шакираның әндері бар. Сондықтан ағылшын емес, испан тілі болсын деп кішігірім өзгерту енгіздім. Көңілімнен шықты», – дейді ол ағынан жарылып.

Жіберіп алмаңыз:

Димаш Шанхайда Дәулеткерейдің күйін орындап, домбырасын жанкүйеріне сыйлады (видео)

Дәулетбекқызы: Кертаев жобамды ұрлап, алдап кетті

Майкл Джексонның әнін хормен айтқан Болмановтың ұлдары жұртты тәнті етті (видео)

Тәуекел: Әйелімді де, балаларымды да жасырмаймын

Талқылау