Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Оқжетпес”-тегі қызметкерлердің айлығын өсіріп, туристерді тартқан”: Жұлдыз Абдукаримова Қайрат Беркінбаев туралы естеліктерімен бөлісті

Жақында дүниеден өткен кәсіпкер Қайрат Беркінбаевтың жақындары мен оның жары Ләйлә Сұлтанқызына Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз көңіл айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Осыдан бірнеше күн бұрын өмірден өтіп, талайдың көзінен жас шығарған марқұм кәсіпкер Қайрат Беркінбаев туралы жақындарының айтар естелігі таусылар емес. Солардың қатарында Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Абдукаримова да бар.

Актриса әрі тележүргізуші кеше өзінің парақшасына “жақсының жақсылығын айту – парыз” деп естеліктерін жазды. Жұлдыздың айтуы бойынша, Ләйлә Сұлтанқызының марқұм күйеуі талай қуаныштарымен бөлісіп, Қайрат Нұртасты “інім” деп ерекше құрмет көрсетіпті. 

“Қайбір жылдары “Оқжетпес”-ке барғанымызда қызметкерлері “Қайрат Шерәліұлы келгелі орталығымызға жан бітіп, айлығымыз да өсіп, туристерді тартар мерекелік іс-шаралар қатары көбейді. Оқжетпеске кәдімгідей жан бітті” деп мақтаған еді”, – деп марқұм Қайраттың адалдығы мен дархандығын тілге тиек етті. 

Сөз соңында “Құдай тек көтере алатын сынақ береді. Бекем болыңыз!” деп тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызына да көңіл айтты.

Талқылау
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр