"Жақында Украинада екі Жеңіс күні болады" - Зеленский
Украина президенті Киевтегі қаңырап бос жатқан Хресчатык көшесінде түсірілген Жеңіс күніне арналған видеоүндеуін жариялады. Бейнежолдауды Офic Президента Telegram-арнасы таратты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Біз балаларымыз үшін, бостандық үшін күресіп жатырмыз, сондықтан біз жеңеміз. Сегіз миллионнан астам украиндық қаза тапқан Екінші дүниежүзілік соғыста ата-бабаларымыздың ерлігін ешқашан ұмытпаймыз. Жақында Украинада екі Жеңіс күні болады. Ал кейбіреуде оның бірі де қалмайды", – деді Владимир Зеленский.
Украина президенті сонымен қоса ел тарихының ешқандай бөлігін бөтенге беріп қоймайтынын айтты.
- "Оны өлтірген ресейлік зымыран": Украинада үш айлық қызы мен әйелінен айырылған азамат қайғылы оқиға туралы айтып берді
- "Қару-жарағымыз көбейсе, жерімізді қайтарамыз" - Зеленский
- "Халық Кеңес одағына оралғысы келеді": Ресей Думасы КСРО-ның байырғы туын қайтаруды ұсынды
"Біз бүгін соғысып жатырмыз және ешкімге жеріміздің бөлігін беріп қоймаймыз. Бүгін біз нацизмді жеңген күнді тойлап жатырмыз және тарихымыздың титымдай бөлігін бөтенге бермейміз. Біз өзге халықтармен бірге антигитлерлік коалицияның құрамында нацизмді жеңген ата-бабаларымызды мақтан тұтамыз. Және бұл жеңісті ешкімге жекешелеп алуға, иеленіп кетуіне жол бермейміз", – деп баса айтты Зеленский.