Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жақында той": Сиви Махмудиге жаңа ғашығы 101 раушан гүлін сыйлады

Күйеуімен дәм-тұзы жараспай, ажырасқан Сиви Махмуди жақында қайта тұрмыс құрса таңғалмаңыз. Әнші әрі актриса жаңа ғашығын кезіктірген көрінеді. Ол белгісіз азаматтан алған 101 раушан гүлін көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бәрінен бұрын саған қамқор адамды елемей қойма. Өйткені күндердің күнінде жұлдыз санап жүріп, айды жоғалтып алғаныңды түсінесің", – деп жазды Сиви Махмуди Instagram парақшасында.

Бұған қарап оқырмандар Сивиді жақында отбасын құрады деп болжады. 



"Жақында той ма?" – деп сұрады желі қолданушыларының бірі.

Бұған дейін Сиви қалыңдық көйлегін киіп, "мұндайды ешкімнің күтпегенін" айтқан еді. 

Айта кетейік, Сиви Махмуди 10 жылға жуық отасқан жарымен ажырасқанын хабарлады. Әншінің бұл некесінен екі ұлы мен бір қызы өсіп келеді. Үш баланың арасы 1 жастан. Өмірін отбасына арнаған әнші үш рет отаға түскенін, алайда оған еш өкінбейтінін айтады. 

"Мен үш жыл қатарынан кесарь тілігімен үш бала тудым. Өте ауыр болды. Бірақ қазір өкінбеймін, мен бақыттымын", – деді ол.  

Талқылау