"Жақында ғана үйленіп, әке болуға дайындалып жүрген": Шымкентте жарылыс кезінде қаза тапқан күзетші жайлы ақпарат айтылды
Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов Шымкенттегі жарылыстан қаза тапқан күзетші туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Оның отбасына көңіл айттық. Ол үш ай бұрын ғана үйленген екен. Туыстарының айтуынша әйелі жүкті. Несиесі бар екен, біз оған көмектесеміз", - деді Пашимов ведомствоның брифингінде.
Оның айтуынша жерлеуге кететін шығынды облыс әкімдігі өз мойнына алып, отбасына да материалдық көмек көрсетіледі.
"Мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің барлығының өмірі сақтандырылған. Ол қызметтік міндетін атқару кезінде қайтыс болды. Ресми еңбек шарты бар, барлық төлемдерді сақтандыру компаниясы төлейді", - деді Пашимов.
Жарылыс кезінде тағы бір жәбірленуші "Авторемстрой ЛТД" ЖШС жұмысшысы перинаталдық орталықты күрделі жөндеумен айналысқан.
"Ол ауыр жарақат алды. Ол дереу облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілді, бірақ бес сағаттан кейін жарақаттары өте ауыр болғандықтан қайтыс болды", - деп қосты Пашимов.
Төтенше жағдай салдарынан барлығы 8 адам зардап шеккен. Олардың көпшілігі перинаталдық орталық қызметкерлері. Олар перзентхананы интернетпен қамтамасыз еткен төрт маман, бір медбике және екі жұмысшы болған. Жарылыстан бірнеше сағат өткен соң 1 жұмысшы қаза тапты.
Еске салсақ Шымкентте "Интергоспитал 138-дәріхана" ЖШС компаниясына тиесілі ғимарат жарылған болатын. Оның жалпы ауданы 360 шаршы метрді құрайды. Жарылыс пен өрт салдарынан 130 шаршы метр аумақ опырылған.