Шымкенттегі жарылыс: Перинаталдық орталықтан 100-ден аса әйел сәбилерімен бірге эвакуацияланды (видео)
Жарылыстан кейін Шымкент қаласындағы №1 перинаталдық орталықтан 100-ден аса босанған әйел эвакуацияланды. Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаменті басшысы Мадияр Жақсыбаевтың сөзінше, әйелдер сәбилерімен бірге №2 облыстық перинаталдық орталыққа ауыстырылған. Алайда бұл мекеменің сыйымдылығы бар болғаны 160 орын, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Отырар басылымына сілтеме жасап.

Әзірге перинаталдық орталықтың қаншалықты қирағаны белгісіз.
"Жарылыс дәріхана ғимаратында болған. Бұл – жекеменшік ғимарат, перинаталдық орталыққа қатысы жоқ, бірақ жанында орналасқан. Жалпы ауданы 360 шаршы метр, 130 шаршы метрі қираған. Өрт толық сөндірілді. Жарылыс салдарынан артында орналасқан тұрғын үй кешеніндегі бес қабатты үй зақымдалды. Қуанышқа орай жарылыс кезінде 5-қабатта үй иелері болмаған", – деді Мадияр Жақсыбаев.
Босанған әйелдермен бірге көпқабатты үйдегі 15 тұрғын эвакуацияланды. Мұнда жарылыс толқынынан самалдық пен терезелері сынған.
Оқиғадан кейін Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері шұғыл түрде қирандыларды жинастыруды бастаған.
Өрт сөндіргіш, дәрі қобдишасы, апат белгісі: 2026 жылы Қазақстанда көлікте қандай заттар болуы керек
Мопедте болуы керек құжаттар тізімі де аталды
Қатерлі ісікке шалдыққан жігітке ғашық болған қазақстандық қыздың махаббаты оны сырқатынан айықтырды
Аружан Райымбектің жағдайын өте ауыр қабылдаған, тіпті сауығып кеткенше көзі жастан құрғамаған