Жахан Отарғалиевке Ыстамбұлда аяқ астынан операция жасалды
Жахан Отарғалиевтің денсаулығы сыр беріп, актер Түркияда ота жасатты. Жұбайы Балжан Бидаштың айтуынша, Жаханның 13 жылдан бері белі ауырып келген. Соған қарамастан, актер операция жасату туралы шешімді аяқ асты қабылдаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Күн қатты суық болды, ойламаған жерден қар жауып кетті. Осы кезде асқындырып алыппын. Содан бері тоқтамай ауырған соң келдім", – деп бөлісті Отарғалиев.
Жахан мен Балжан Стамбұлға жете салысымен, емханаға жол тартқан. Бірден ота бөлмесіне түскен актер қазір жағдайының жақсы екенін айтты.
"Қатты ауырып тұрған соң, тезірек жасағанын қаладым. Қорқатын уақыт болған жоқ", – деді ол.
Балжан Бидаштың айтуынша, күйеуі Жаханды 13 жылдан бері бел ауруы мазалап келген.
"Жүрегіне салынған имплант түсіп кеткен": Алматыда сәтсіз отаның кесірінен 20 жастағы жігіт жансақтау бөліміне түскен
Науқас жансақтау бөліміне түсіп қалған
Таиландқа демалуға барған қазақстандық әйел босанып қалған: Баласының еміне күніне 740 мың теңге қажет
Назира: Дәрігерлер өмірінің алғашқы күндерінен бастап инфекция бар екенін растады