Жахан Отарғалиев халықтан 44 миллион 500 мың теңге жинап, мұқтаж отбасыға баспана сыйлады
Танымал актер, әзілкеш Жахан Отарғалиев жағдайы төмен отбасыға баспана сыйлап, көпшілікті жылатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Соңғы кезде өнер иесі мұқтаж адамдарға баспана сыйлап, қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастырып жүр.
“Құрметті достар! Кезекті баспанамызға ақша жиналды. Қатты қуанып тұрмыз. Жақсылық жасап жарысайық! Адамға қуаныш сыйлау жүрекке тыныштық ұялатады екен. Қайырымдылық жасауды жалғастырамыз”, – деп алғыс білдірді әзілкеш.
Отандық киножұлдыздың айтуынша, үш күнде ойламаған сумма жиналған көрінеді.
"Мына керемет эмоцияның демеушісі – сіздер. Біз 44 500 000 теңгені 3 күнде жинадық, сенесіз бе? Бұрын-соңды мұндайды көріп пе едіңіз?", – деген актер жиналған қаражатқа мұқтаж отбасыға үй әперетінін айтқан.
Айта кетейік, Жахан Отарғалиев бір айда 4 үй ауыстырған 10 балалы отбасыны көрсеткен еді.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан