"Жағаға шығарып, өзі есінен танып қалған": ШҚО-да әскери суға батқан баланы құтқарды
Шығыс Қазақстан облысы, Үлбі елді мекенінде әскери қызметкер суда тұншыққан 6 жасар баланы құтқарамын деп өзі де ажал құша жаздады. Бұл туралы облыстық ТЖ департаментінен хабарланды.

"Өз өміріне төнген қауіпке қарамастан, Тілек тасқынды өзенге секіріп, баланың қолынан ұстап жағаға алып шықты.
Ол суға тұншығып, баланы құтқаруға соңғы күшін жұмсады. Одан кейін әскери есінен танып қалып, жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта әскеридің жағдайы бірқалыпты", - деді Қазақстан Ұлттық гвардиясы "Шығыс" әскери бөлімшесінің басшысы Бағдат Амангелді.
Алдағы уақытта Ұлттық гвардия батырды марапатқа ұсынбақ.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі