Жадыра Сейдеш: Енді өмірге кішкентай Нұрғалиұлы келіп, сол сәбидің тілеуімен өмір сүрсек деймін (видео)
Нұрғали Нүсіпжановпен бас қосып, қазақтың ұлы әншісімен қол ұстасқан Жадыра Сейдеш той үстінде ақжарма тілегін айтты. Отағасына ыстық лебізін білдірді.
"Мен сіздің жандүниеңіздің тазалығын сыйладым. Сондықтан сүрінбеңізші, құламаңызшы. Енді ешқашан ауырып мені қорқытпаңызшы. Асқар тауым деп таңдадым ғой, менің асқар тауым болып, жасыңыз Жамбылдың жасынан ассын. Мен соған қызмет етем деп келдім. Әдемі жасыңызда әке атансаңыз оның несі айып? Жақсы адамның артында ұрпақ қалуы керек. Сіздің қолыңызды ұстап тұрып тілерім, енді кішкентай Нұрғалиұлы өмірге келіп, сол сәбидің тілегімен өмір сүрейікші. Мен сізді арқа тұттым, сіз мені медеу тұтасыз. Осы тортты жеп, өміріміз дәл осындай тәтті болсын деп тілеймін", - деді Жадыра Сейдеш той үстінде жұбайлардың торт кесу рәсімінде.
"Жарақатты үйде алдым деп айт": Жұмыс берушілер өндірістегі оқиғаны неге жасырады және қызметкер не істеуі керек
Жарақат алған жұмысшының құқығын қорғаудың қандай жолдары бар екенін заңгер айтты
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан