Жүкті қыз жігітіне ішінен тепкізіп құрсағындағы 8 айлық сәбиін өлтірген
Бойжеткен құрсағындағы сәбиін әдейі өлтірген.

Оқиға Калифорния елінде болды. Елде жүктіліктің 26-аптасына дейін аборт жасатуға рұқсат беріледі.
Бұл кезде қыздың жүктілігіне 30 апта болған. Жүктілігінің 8 айлығына қарамастан жігіті екеуі сәбиден құтылмақ болады. Сүйіктісі қыздың ішінен теуіп, соның салдарынан құрсақтағы сәби шетінеп кетті. Кейін келіншек емханаға барған. Шарананың денесіндегі көгерген іздер еден жуып жатқанда түскен деп түсіндіреді. Дәрігерлер оның айтқанына сенбей, полиция шақыртады.
Кейіннен қыз жігітінің баланы әдейілеп өлтігенін мойындады. Алайда жігіт мұны жоққа шығарған. Полиция сот-медициналық сараптама қорытындысын күтіп отыр.
Бұл іс елдегі заң бойынша қасақана адам өлтіру бабы есебінде қаралады.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Қаскелеңдегі атышулы құпия ит сою орны мен ет тасымалы: Істің 1 жылдан кейін тоқтатылғаны белгілі болды
Мина Исмаилова: "Сою орны әлі күнге дейін жұмыстарын жалғастырып жатқанына сенімдімін"
"Қол қусырып тұра алмадым": Алматылық әке 1 жастағы көршісінің баласын қалай аман алып қалғанын айтып берді
Әкенің айтуынша, балаларына анасының өмірден өткенін түсіндіру де оңай болмаған