Жүрегі ауыстырылған қазақстандық азамат трансплант-ойындарының жүлдегері атанды
Польшада өтіп жатқан дене мүшесі ауыстырылған адамдар арасындағы жарысқа қазақстандық азамат Жәнібек Оспанов та қатысып, суда жүзуден күміс және үстел теннисінен қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Ол дене мүшесі ауыстырылған қазақстандықтар арасындағы жеңіске жеткен алғашқы азамат. Жарыс Замосць қаласында 24-27 мамыры аралығында өтті.
“Ойыншылар жеңіл атлетика, суда жүзу, үстел теннисі, дартсу бойынша сайысқа түсті. Мен үстел теннисі, суда жүзу, дартсу бойынша қатыстым. 50 метрге жүзуден күміс жүлде және үстел теннисінен үшінші орын алдым”, – дейді жеңімпаз.
Биыл Испанияда өтетін бүкіләлемдік спорттық трансплант-ойындарына Қазақстанның атынан 6 спортшы қатысады.
Тағы да оқыңыз:
Атақты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы мүйізі қарағайдай палуандарды жеңіп кетті
Синоптиктер “Мәскеу дауылының” Қазақстанға келе жатқаны туралы мәліметті жоққа шығарды
Астанада 68 жастағы қарияны металл іздегіштен өтерде шалбарын шешкені үшін жазаға тартты
Қазақстандықтар қарияны жақтап полицияның әрекетіне наразылық білдірді
"Алып қашып кетпек болған": Алматыдағы гүл сататын дүкен қыздың жеке дерегін біреулерге беріп жіберген
Белгілі болғандай, бұл жігіт бұған дейін де мазалап жүрген