Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зейнеткер Олимпиаданы тамашалау үшін Ақтаудан Парижге велосипедпен жолға шықты

Маңғыстау облысында ер адам 5 мың шақырымды велосипедпен бағындыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникациялар орталығы

Бейнеу өңірінің 64 жастағы тұрғыны Раббим Борашев 26 шілде мен 11 тамыз аралығында Парижде өтетін жазғы олимпиада ойындарын тамашалау үшін велошеруге аттанды.

Ер адам зейнет жасына дейін құрылыс саласында еңбек еткен. Кейінгі жылдары ол велоспортқа қызығып, бірнеше жарыстарға қатысып үлгеріпті. 

Парижге велосипедпен жету үшін арнайы дайындық қажет. Жоспар бойынша ол 7 мемлекеттің аумағын кесіп өтіп, 5 мың шақырым жүруі керек.

“Олимпиадаға бару менің арманым деп айта аламын. Жас кезімде мүмкіндік жоқ еді. Енді уақыт келді, осындай шешім қабылдадым. Алдымен Ақтаудан Бакуге барамын. Онда Қазақстанның бас консулдығының өкілдері күтіп, мені Грузиямен шекараға дейін ертіп барады. Бұл – мен үшін үлкен қолдау. Содан кейін мен Батумиге барып, "Ұлы далаға жорық" жобасына қатысамын. Маусым айында Түркияға кетемін. Венгрия, Австрия, Германия арқылы жүріп, Францияға жетуді жоспарлап отырмын", – деді Борашев.

Талқылау