Зейнетақының бір бөлігін алу үшін "Отбасы" банкіне барудың қажеті жоқ
"Отбасы" банк зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану бойынша барлық операциялар онлайн форматта жүзеге асырылатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Барлық заңға тәуелді актілерге қол қойылғаннан кейін зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану туралы қашықтықтан жүгінуге болатын онлайн-платформа іске қосылады. Зейнетақы қорларын пайдалану бойынша барлық операциялар онлайн режимінде жүзеге асырылатынын және бұл үшін банкке келудің қажеті жоқ екенін еске саламыз", - делінген банктің хабарламасында.
Бұған дейін"Отбасы" банкінің басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуға өтініштер қабылдауға арналған онлайн-портал 8 қаңтардан бастап жұмысын бастауы мүмкін деп мәлімдеген болатын.
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған
Қаскелеңде автобус қағып кеткен студенттің ісі жабылып қалған: Анасы қызының ауыр жарақат алғанын айтады
СДУ алдында автобус қызды қағып кеткен, алайда полиция істі көп ұзамай жауып тастаған