Жетісу облысында анасы мен қызы күйеубаласынан 25 миллион теңге бопсалады деген күдікке ілінді

Жетісу облысында 19 жастағы бойжеткен мен оның 41 жастағы анасы ірі көлемде ақша бопсалады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлеуметтік желіде Көксу аудандық полиция бөлімінің алдында күдіктілердің туыстары наразылық білдіріп тұрған видео тарады. Видеода қолында емізулі сәбиі бар егде жастағы әйелді көруге болады. Туыстарының айтуынша, ұсталған бойжеткеннің сегіз айлық сәбиі анасының қарауынсыз қалған.
Олардың сөзінше, бойжеткен баласының әкесімен кездесуге барған. Туыстарының мәлімдеуінше, ер адам оған 25 миллион теңге көлемінде материалдық көмек беруге уәде еткен. Алайда кездесу орнына келген кезде жас ананы полиция қызметкерлері ұстап әкеткен.
Ал полиция бұл іске қатысты өз нұсқасын жариялады.
"Полиция аса ірі көлемде бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Аталған қылмыс аса ауыр қылмыстар санатына жатады", – деп хабарлады Полиция департаменті.
Ведомствоның мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында екі әйел ұсталған.
"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қылмыстық жауапкершілікке тартпау үшін талап етілген 25 миллион теңгені алу кезінде екі күдікті әйел қылмыс үстінде ұсталды", – делінген полицияның жауабында.
Екі күдікті де уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оларға қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесін сот қарайды.
"Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі сотта қаралады", – деп хабарлады полиция.
ОқыңызІстің барлық мән-жайына түпкілікті құқықтық бағаны тергеу органдары мен сот береді.
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді